2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4 және 37-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 18 ақпандағы № 17 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесінің 2.8-бөліміне ескертпе мынадай мазмұндағы 3-ескертпемен толықтырылсын:
"3. Осы бөлімнің 1-кестесінде көрсетілген жабайы жануарлар түрлеріне қатысты тарифтік емес реттеу шарасы жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкететін жабайы жануарлардың көрінетін бөліктері мен дериваттарын қоспағанда, олардың көрінетін бөліктері мен дериваттарына да (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 0507 90 000 0, 0510 00 000 0) қолданылады.".
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қызыл кітаптарына енгізілген жабайы тірі жануарлардың және жабайы өсетін өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеде (көрсетілген Шешімге № 6 қосымша):
a) 1-тармақта:
бірінші абзацта "(бұдан әрі – сирек кездесетін жабайы тірі жануарлар және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктер)" деген сөздер "(бұдан әрі тиісінше – сирек кездесетін жабайы тірі жануарлар және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктер, бірыңғай тізбе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта "көрсетілген" және "осы" деген сөздер алып тасталсын;
б) 4-тармақта:
бірінші абзацтың алдында мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"4. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануына арналған тауарлар ретінде сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді әкетуі бірыңғай тізбенің 2.8-бөліміне 3-қосымшаны ескере отырып, осы тармақтың екінші – төртінші абзацтарының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.";
бірінші абзацта "4. Жеке" деген сөз "Жеке" деген сөзбен ауыстырылсын.