Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2023 жылғы 25 желтоқсанда қол қойылған 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 21 қаңтардағы № 9 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне енгізілетін өзгерістер
1. Адамның органдары мен тіндерін, қан мен оның компоненттерін, адамның биологиялық материалдарының үлгілерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ереже (көрсетілген Шешімге № 3 қосымша) мынадай мазмұндағы 41-тармақпен толықтырылсын:
"41. Жеке тұлғалар сатып алған адамның органдары мен тіндерін, қан мен оның компоненттерін, адамның биологиялық материалдарының үлгілерін электрондық сауда тауарлары ретінде әкелуге тыйым салынады.".
2. Қауіпті қалдықтарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ереженің (көрсетілген Шешімге № 7 қосымша) 3-тармағының "а" тармақшасы ", жеке тұлғалар сатып алған қауіпті қалдықтарды электрондық сауда тауарлары ретінде әкелуді" деген сөздермен толықтырылсын.
3. Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеде (көрсетілген Шешімге № 9 қосымша):
5 тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкелуі немесе әкетуі, жеке тұлғалар сатып алған № 5 қосымшаға сәйкес электрондық сауда тауарлары ретінде тізбеге енгізілген шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуі мүше мемлекеттің кеден органына қорытындыны (рұқсат беру құжатын) не нотификация туралы мәліметтерді ұсынбай жүзеге асырылады. Егер шифрлау (криптографиялық) құралдары осы Ережеге № 5 қосымшада көзделген тізбеге енгізілмеген жағдайда, оларды жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкелуі немесе әкетуі, сондай-ақ оларды жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары ретінде әкелуі осындай тауарларға қатысты нотификация туралы мәліметтер болған кезде ғана жүзеге асырылады. Осы Ережеге № 5 қосымшада көзделген тізбеге енгізілмеген және оларға қатысты нотификация туралы мәліметтер болмаған шифрлау (криптографиялық) құралдарын жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкелуіне немесе әкетуіне, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары ретінде әкелуіне тыйым салынады.".
көрсетілген Ережеге № 5 қосымшаның атауы "жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары ретінде әкелу кезінде," деген сөздермен толықтырылсын.
4. Есірткі заттары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ереже (көрсетілген Шешімге № 10 қосымша) мынадай мазмұндағы 61-тармақпен толықтырылсын:
"61. Дәрілік заттар түріндегі есірткі заттарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары ретінде әкелуге тыйым салынады.".
5. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына өсімдіктерді (пестицидтерді) қорғау құралдарын әкелу туралы ереженің (көрсетілген Шешімге № 11 қосымша) 4-тармағы "жеке пайдалану үшін" деген сөздерден кейін ", жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары ретінде өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) әкелу," деген сөздермен толықтырылсын.
6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына қымбат бағалы тастарды әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ереже (көрсетілген Шешімге № 13 қосымша) мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:
"21. Жеке тұлғалар сатып алған, бірыңғай тізбенің 2.9-бөліміне енгізілген қымбат бағалы тастарды электрондық сауда тауарлары ретінде әкелуге тыйым салынады.".
7. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына қымбат бағалы металдар мен құрамында қымбат бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ереже (көрсетілген Шешімге № 14 қосымша) мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:
"21. Жеке тұлғалар сатып алған, бірыңғай тізбенің 2.10-бөліміне енгізілген қымбат бағалы металдар мен құрамында қымбат бағалы металдар бар шикізат тауарларын электрондық сауда тауарлары ретінде әкелуге тыйым салынады.".
8. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды, оның ішінде кіріктірілген не басқа тауарлардың құрамына кіретін құрылғыларды әкелу туралы ереженің (көрсетілген Шешімге № 15 қосымша) 6-тармағында:
бірінші абзац "жеке пайдалануға арналған" деген сөздерден кейін ", жеке тұлғалар сатып алған радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды электрондық сауда тауарлары ретінде әкелуге" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзац "жеке пайдалануға арналған" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары ретінде әкелуге" деген сөздермен толықтырылсын;
9. Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ереженің (көрсетілген Шешімге № 16 қосымша) 5-тармағы "жеке пайдалануға арналған" деген сөздерден кейін ", жеке тұлғалар сатып алған арнайы техникалық құралдарды электрондық сауда тауарлары ретінде әкелуге" деген сөздермен толықтырылсын;
10. Азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрамдас) бөліктері мен оның патрондарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ереженің I бөлімі (көрсетілген Шешімге № 17 қосымша) мынадай мазмұндағы 61-тармақпен толықтырылсын:
"61. Жеке тұлғалар сатып алған қаруды электрондық сауда тауарлары ретінде әкелуге тыйым салынады.".
11. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына есірткі құралдары мен психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттарды әкелу туралы ереженің (көрсетілген Шешімге № 19 қосымша) 4-тармағы "жеке пайдалануға арналған" деген сөздерден кейін ", жеке тұлғалар сатып алған улы заттарды электрондық сауда тауарлары ретінде әкелуге" деген сөздермен толықтырылсын.
12. Озонды бұзатын заттар мен құрамында озонды бұзатын заттар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ереже (көрсетілген Шешімге № 20 қосымша) мынадай мазмұндағы 31-тармақпен толықтырылсын:
"31. Жеке тұлғалар сатып алған озонды бұзатын заттар мен құрамында озонды бұзатын заттар бар өнімдерді электрондық сауда тауарлары ретінде әкелуге тыйым салынады.".
13. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына дәрілік заттарды әкелу туралы ереже (көрсетілген Шешімге № 21 қосымша) мынадай мазмұндағы 41-тармақпен толықтырылсын:
"41. Жеке тұлғалар сатып алған тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды электрондық сауда тауарлары ретінде әкелуге тыйым салынады.".
14. Зертханалық ауқымдағы зерттеулерде, сондай-ақ эталондық стандарт ретінде пайдалануға жататын өсімдіктерді қорғау құралдарын және басқа да тұрақты органикалық ластағыштарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу туралы ереженің (көрсетілген Шешімге № 22 қосымша) 5-тармағы "жеке пайдалануға арналған" деген сөздерден кейін ", жеке тұлғалар сатып алған үлгілерді электрондық сауда тауарлары ретінде әкелуге" деген сөздермен толықтырылсын.