Еуразиялық экономикалық одақ Сотының және Еуразиялық экономикалық комиссияның қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия жүргізу туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2024 жылғы 1 қазандағы № 18 Өкімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 16-бабының 6-тармағына сәйкес:

      1. 2025 жылғы 19 мамыр мен 30 мамыр аралығындағы кезеңде Еуразиялық экономикалық одақ Сотының және 2025 жылғы 2 маусым мен 20 маусым аралығындағы кезеңде Еуразиялық экономикалық комиссияның 2021-2023 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия жүргізілсін.

      2. Ревизиялық топтың келесі құрамы бекітілсін:

Беларусь Республикасынан

Лаптева
Татьяна Григорьевна

Беларусь Республикасы Қаржы министрлігінің Бас бақылау-ревизиялық басқармасы бақылау жұмысын ұйымдастыру басқармасының консультанты
(Еуразиялық экономикалық одақ Сотында ревизия жүргізу жөніндегі ревизиялық топтың төрағасы)

Пилец
Наталья Степановна

Беларусь Республикасы Қаржы министрлігінің Бас бақылау-ревизиялық басқармасы бақылау жұмысын ұйымдастыру басқармасының бастығы
(Еуразиялық экономикалық комиссияда ревизия жүргізу жөніндегі ревизиялық топтың төрағасы)

Армения Республикасынан

Мелконян
Армен

Армения Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы-бюджеттік бақылау басқармасы қаржы-бюджеттік бақылаудың 1-бөлімінің бас бақылаушысы

Қазақстан Республикасынан

Бәкірова
Айгүл Әмірханқызы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің сәйкестік аудиті басқармасының бас сарапшысы – мемлекеттік аудиторы

Қырғыз Республикасынан

Абдразакова
Кенжегуль Мамбетжановна

Қырғыз Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі аудитті және ішкі бақылауды дамыту бөлімінің бас маманы

Ресей Федерациясынан

Кудряшова
Людмила Александровна

Ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау қызметі саласындағы, Федералдық қазынашылықтың сот жүйесі және қорғаныс кешеніндегі бақылау-ревизия басқармасының әділет, прокуратура, тергеу және сот жүйесі органдарының бақылау-ревизиялық бөлімінің бастығы (Еуразиялық экономикалық одақ Сотында ревизия жүргізу жөніндегі ревизиялық топтың құрамында).

Мягкова
Анастасия Петровна

Ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау қызметі, саласында, сот жүйесі және Федералдық қазынашылықтың қорғаныс кешеніндегі Бақылау-ревизия басқармасының әділет, прокуратура, тергеу және сот жүйесі органдарының бақылау-ревизия бөлімінің бас бақылаушы-ревизоры
(Еуразиялық экономикалық комиссияда ревизия жүргізу жөніндегі ревизиялық топтың құрамында).

      3. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады