2023 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2024 жылғы 4 қазандағы № 17 Өкімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасы және Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданысы бар өзге де баждардың, салықтар мен алымдардың) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 5 қосымша) 54-тармағы негізінде, және Еуразиялық экономикалық комиссияның 2023 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу және бөлу туралы есебін назарға ала отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданысы бар өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 5 қосымша) іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысты жалғастырсын.

      2. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады