Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешімімен бекітілген Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына № 1 қосымшаға өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан
В. Григорян
|
Беларусь Республикасынан
И. Петришенко
|
Қазақстан Республикасынан
С. Жұманғарин
|
Қырғыз Республикасынан
А. Касымалиев
|
Ресей Федерациясынан
А. Оверчук
|
|---|
| |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 64 шешіміне ҚОСЫМША |
Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына № 1 қосымшаға енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. V бөлімде:
"8426-дан Жебе типіндегі жүк көтергіш крандар" деген позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"8426 49 009 9-дан Шынжыр табанды крандар
|
шет мемлекеттің және (немесе) халықаралық ұйымның және (немесе) шетелдік заңды немесе жеке тұлғаның және (немесе) заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымның бақылауында болмайтын мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде <10> кемінде 5 жыл мерзімге тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемдегі конструкторлық және технологиялық құжаттамаға құқықтардың болуы <1>;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында өнімді жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы;
мүше мемлекеттердің аумақтарында мыналарды жүзеге асыру:
а) жүк көтергіштігі 100 тоннадан кем дайындамаларды пішу және ию, астыңғы жақтауды және кабинаның металл конструкцияларын құрастыру, дәнекерлеу, сырлау крандары үшін, сондай-ақ мынадай операциялардың кемінде 8-і:
мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген қозғалтқышты өндіру немесе пайдалану;
трансмиссияға мүше мемлекеттердің аумақтарында жүргізілген трансмиссияны өндіру немесе пайдалану (жүріс бөлігі);
мүше мемлекеттердің аумақтарында жүргізілген тірек-бұрылыс құрылғысын өндіру немесе пайдалану;
жүк көтергіш жабдықтың металл конструкцияларын дәнекерлеу және сырлау;
айналмалы жақтауды құрастыру, дәнекерлеу және бояу;
экстерьер элементтерді монтаждау;
басқару органдарын монтаждау;
электр жабдықтары жүйесін, пневматикалық жабдықтар жүйесін (конструкцияда болған кезде), гидрожабдықтар жүйесін (конструкцияда болған кезде) монтаждау; жүк көтергіш механизмді монтаждау;
б) жүк көтергіштігі кемінде 100 тонна дайындамаларды пішу және ию, кабинаның және төменгі жақтаудың металл конструкцияларын құрастыру, дәнекерлеу, сырлау крандары үшін, сондай-ақ мынадай операциялардың кемінде 8-і:
мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген қозғалтқышты өндіру немесе пайдалану;
трансмиссияға мүше мемлекеттердің аумақтарында жүргізілген трансмиссияны өндіру немесе пайдалану (жүріс бөлігі);
мүше мемлекеттердің аумақтарында жүргізілген тірек-бұрылыс құрылғысын өндіру немесе пайдалану;
жүк көтергіш жабдықтың металл конструкцияларын дәнекерлеу және сырлау;
айналмалы жақтауды құрастыру, дәнекерлеу және бояу;
сыртқы элементтерді орнату; басқару органдарын монтаждау;
электр жабдықтары жүйесін, пневматикалық жабдықтар жүйесін (конструкцияда болған кезде), гидрожабдықтар жүйесін (конструкцияда болған кезде)монтаждау;
жүк көтергіш механизмді монтаждау".
|
2. VIII бөлімде:
"2715 00 000 0-ден, 3214-ден Герметиктер" деген позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"3102-ден
Минералды немесе химиялық, азотты тыңайтқыштар
3102 50 000 0
Минералды немесе химиялық, азотты тыңайтқыштар: натрий нитраты
3103
Минералды немесе химиялық, фосфорлы тыңайтқыштар
3104
Минералды немесе химиялық, калийлі тыңайтқыштар
3105 10 000 0
Құрамында екі немесе үш қоректік элементі бар минералды немесе химиялық тыңайтқыштар: азот, фосфор және калий; өзге де тыңайтқыштар; осы топтың брутто-салмағы 10 кг аспайтын таблеткалардағы немесе ұқсас нысандардағы немесе қаптамалардағы тауарлары
3105 90
Өзге де минералды немесе химиялық тыңайтқыштар
|
өнеркәсіптік объектінің қауіптілік сыныбына сәйкес келетін өнім шығару жүзеге асырылатын өнеркәсіптік объектіні пайдалануды айқындайтын рұқсат беру құжаттарының болуы;
өндірушіде сақтаудың кепілдік мерзімі ішінде өндірілген өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін тексеруге жауапты құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) аккредиттелген зертханалардың болуы;
мүше мемлекеттердің аумақтарында мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
синтез - 100 балл;
флотация-60 балл;
галургия-40 балл;
кристалдану-40 балл;
қосу-40 балл;
түйіршіктеу-30 балл";
|
"3204-тен, 3205 00 000 0-ден, 3206-дан, 3207-ден, 3208-ден, 3209-дан,3210 00-ден, 3211 00 000 0-ден, 3212-ден, 3213-тен, 3214-тен, 3215-тен Өзге де жабындарды жағуға арналған лак-бояу және ұқсас материалдар; көркем және полиграфиялық бояулар; 3205 00 000 0-ден, 3208-ден, 3209-дан, 3210 00-ден, 3214-тен, 3215-тен Жабындарды жағуға арналған лак-бояу және ұқсас материалдар, полиграфиялық бояулар мен мастикалар 3208-ден, 3210 00-ден Сулы емес ортадағы күрделі полиэфирлер, акрил немесе винил, эпоксидті полимерлер негізіндегі лак-бояу материалдары; ерітінділер
3209 10 000-нан Сулы ортадағы акрилді немесе винилді полимерлер негізіндегі лак-бояу материалдары; 3907-ден Автомобиль жолдарын көлденең белгілеуге арналған термопластика" деген позициялар бесінші абзацтан кейін екінші бағанда мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"синтез – 100 балл;";
3. IX бөлімде:
"7605 11 000 0 легирленбеген алюминийден жасалған, көлденең қимасының максималды мөлшері 7 мм-ден асатын алюминий сымы" деген позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"7605 29 000-ден
Өзге де алюминий қорытпаларының алюминий сымы
|
мүше мемлекеттердің аумақтарында мынадай операцияларды жүзеге асыру:
диаметрі 0,5-1,9 мм сым өндіру;
термоөңдеу
қаптау;
мүше мемлекеттердің аумақтарында диаметрі 3 мм қорытпа, құйма, катанка, сым өндіру немесе пайдалану";
|
"7614 90 000 0-ден өзге де тростар, бұралған сымдар, өрілген баулар және электр оқшаулаусыз алюминийден жасалған ұқсас бұйымдар (электр оқшаулаусыз алюминийден жасалған электр беру әуе желілеріне арналған сымдардан басқа)" деген позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"8402-ден
Бу қазандықтары және өзге де бу өндіретін қазандықтар; жоғары температуралы органикалық жылу тасымалдағыштармен жұмыс істейтін қазандықтар (ВОТ)
8403
8402 тауар позициясының қазандықтарынан басқа орталық жылыту қазандықтары
8406
Су буы турбиналары және өзге де бу турбиналары
8410-нан
Гидравликалық турбиналар және су дөңгелектері
8410-нан
Қуаты 50 МВт-тан аз гидротурбина
8411 81 000-ден
Турбореактивті және турбовинтті турбиналарды (қуаты 34 МВт дейін) қоспағанда, газ турбиналары
8411 81 000-ден,
8411 82-ден
Турбореактивті және турбовинтті (қуаты 35 МВт және одан жоғары) қоспағанда, газ турбиналары
8501
Электр қозғалтқыштары мен генераторлары (электр генераторлық қондырғылардан басқа)
|
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында- салық резидентінде кемінде 10 жыл мерзімге тиісті өнімді өндіруді, жаңғыртуды және дамытуды дербес жүзеге асыруға мүмкіндік беретін конструкторлық және техникалық құжаттамаға құқықтардың болуы <2>;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында қосалқы бөлшектерді жеткізуді қоса алғанда, өнімді жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы;
дайындаушы кәсіпорынның құрылымында өзінің конструкторлық-технологиялық бөлімшелерінің болуы;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өнімнің түйінді параметрлерін қалыптастыратын (әсер ететін) мынадай барлық технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген мынадай жиынтықтаушы бұйымдарды дайындау немесе пайдалану:
барлық қыздыру беттері;
барлық коллекторлар;
барабандар;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген барлық мынадай жинақтаушы бұйымдарды дайындау немесе пайдалану (бар болса):
тартқыш машиналар;
жану-жағу құрылғылары;
оқшаулау және қаптау материалдары;
бақылау-өлшеу аспаптары;
бекіту және реттеу арматурасы;
сақтандыру аппаратурасы
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде кемінде 5 жыл мерзімге тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемдегі конструкторлық және техникалық құжаттамаға құқықтардың болуы <2>;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында өнімді жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы;
дайындаушы кәсіпорынның құрылымында өзінің конструкторлық-технологиялық бөлімшелерінің болуы;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өнімнің түйінді параметрлерін қалыптастыратын (әсер ететін) мынадай барлық технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген мынадай жиынтықтаушы бұйымдарды дайындау немесе пайдалану:
барлық қыздыру беттері;
барабан (бар болса);
барлық коллекторлар (бар болса).
Мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген барлық мынадай жинақтаушы бұйымдарды (бар болса) дайындау немесе пайдалану :
жану-жағу құрылғылары;
оқшаулау және қаптау материалдары;
автоматты басқару және диспетчерлеу жүйелері;
бақылау-өлшеу аспаптары;
бекіту және реттеу арматурасы;
сақтандыру аппаратурасы
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде <10> тиісті өнімді, сондай-ақ қосалқы бөлшектерді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде кемінде 10 жыл мерзімге конструкторлық және техникалық құжаттамаға құқықтардың болуы <1>;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында өнімді жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы, а также производство и поставку запасных частей;
дайындаушы кәсіпорынның құрылымында өзінің конструкторлық-технологиялық бөлімшелерінің болуы;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өнімнің түйінді параметрлерін қалыптастыратын (әсер ететін) мынадай барлық технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген мынадай жинақтаушы бұйымдарды (бар болса) дайындау немесе пайдалану:
автоматты басқару жүйелері;
бақылау-өлшеу аспаптары;
диагностикалық жүйелер;
бекіту және реттеу арматурасы;
мойынтірек және муфта;
роторлар мен корпустық бөлшектерді термиялық өңдеу (қатайту, қалыпқа келтіру, босату);
роторларды, корпус бөлшектерін және қалақша аппаратын механикалық өңдеу (бұрау, бұрғылау, жону, бұранда кесу, фрезерлеу, тегістеу, жылтырату);
бұйымдарды құрастыру (бөлшектер, тораптар, агрегаттар);
сапаны бақылау және зауыттық сынақтар;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген роторлардың соққыларын дайындау немесе пайдалану;
барлық корпустық бөлшектерді құю
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде <10> кемінде 5 жыл мерзімге тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде конструкторлық және техникалық құжаттамаға құқықтардың болуы <1>;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында өнімді жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы;
дайындаушы кәсіпорынның құрылымында өзінің конструкторлық-технологиялық бөлімшелерінің болуы;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өнімнің түйінді параметрлерін қалыптастыратын (әсер ететін) мынадай барлық технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген мынадай жиынтықтаушы бұйымдарды дайындау немесе пайдалану::
біліктер мен жұмыс дөңгелектеріне арналған дайындама;
біліктер мен дөңгелектер;
қалақшалар;
автоматты басқару жүйесі (бар болса);
бақылау-өлшеу аспаптары (бар болса);
диагностикалық жүйелер (бар болса);
бекіту және реттеу арматурасы;
барлық корпустық бөлшектерді құю;
бұйымдарды құрастыру
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде <10> кемінде 5 жыл мерзімге тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде конструкторлық және техникалық құжаттамаға құқықтардың болуы <11>;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында өнімді жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы;
дайындаушы кәсіпорынның құрылымында өзінің конструкторлық-технологиялық бөлімшелерінің болуы;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өнімнің түйінді параметрлерін қалыптастыратын (әсер ететін) мынадай барлық технологиялық операцияларды жүзеге асыру (бар болса):
дәнекерлеу, сырлау, орау, механикалық өңдеу (жону, бұрғылау, фрезерлеу, тегістеу жұмыстары), турбинаның ендірілген бөліктерін құрастыру;
дәнекерлеу, сырлау, орау, механикалық өңдеу (жону, бұрғылау, фрезерлеу, тегістеу операциялары), бағыттаушы аппаратты құрастыру;
дәнекерлеу, сырлау, орау, механикалық өңдеу (жону, бұрғылау, фрезерлеу, тегістеу жұмыстары), монтаждау құрылғыларын құрастыру;
дәнекерлеу, бояу, орау, механикалық өңдеу (жону, бұрғылау, фрезерлеу, тегістеу жұмыстары), турбиналық бағыттаушы мойынтіректерді құрастыру;
жұмыс дөңгелегі корпусын құрастыру, бояу;
жұмыс дөңгелегін, білікті қаптау.
Өндіріс кезінде үшінші елдердің материалдарын (шикізаттарын) және жиынтықтауыштарын төмендегілерден:
өндірісте пайдаланылған материалдар (шикізат) мен жиынтықтауыштардың жалпы құнының 60 пайызынан (2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін);
өндірісте пайдаланылған материалдар (шикізат) мен компоненттердің жалпы құнының 50 пайызынан (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап);
өндірісте пайдаланылған материалдар (шикізат) мен компоненттердің жалпы құнының 40 пайызынан (2028 жылғы 1 қаңтардан бастап) көп көлемде пайдалануға жол берілмейді.
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде <10> кемінде 5 жыл мерзімге тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде конструкторлық және техникалық құжаттамаға құқықтардың болуы <11>;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында өнімді жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы;
үшінші елдердің өндірісінде пайдаланылған тауарлар құнының пайыздық үлесін сақтау-тауар бағасының 30 пайызынан аспайды;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өнімнің түйінді параметрлерін қалыптастыратын (әсер ететін) мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
роторлар мен корпустық бөлшектерді термиялық өңдеу (қатайту, қалыпқа келтіру, босату);
роторлар мен корпус бөлшектерін өңдеу (бұрау, жону, бұрғылау, бұранда кесу, тегістеу, жылтырату);
бұйымдарды (бөлшектерді, тораптарды, агрегаттарды) құрастыру;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген мынадай жиынтықтаушы бұйымдарды дайындау немесе пайдалану:
роторларды шыңдау;
компрессорлардың қалақша аппараттары;
салқындатылған және салқындатылмаған турбина қалақтары;
жану камералары (жану құрылғылары, жылу құбырлары, жалын айналып өту келте құбырлары, жапқыштар, газ жинағыштар, тұтандырғыштар);
мүше мемлекеттердің аумақтарында өнімнің түйінді параметрлерін қалыптастыратын (әсер ететін) мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
барлық корпустық бөлшектерді құю;
газ турбиналары мен компрессорлардың қалақтарына қорғаныс жабындарын жағу
шет мемлекеттің және (немесе) халықаралық ұйымның және (немесе) шетелдік заңды немесе жеке тұлғаның және (немесе) заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымның бақылауында болмайтын мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде <10>, техниканы, ноу-хауды қоса алғанда, технологияға құқықтардың, сондай-ақ мүше мемлекеттің аумағында тиісті өнімді өндіру және жобалау, жаңғырту және дамыту үшін патенттердің, конструкторлық және техникалық құжаттамаға құқықтардың болуы.
Лицензиялық келісім негізінде құқықтар пайдаланылған жағдайда лицензия мерзімі 25 жылдан кем болмауы тиіс, лицензия мүше мемлекеттердің лицензиатына лицензиардың пайдасына өзгертілген технологияға лицензия беру міндеттемесінсіз өзгертілген технологияға құқықтарды ала отырып, лицензиялық технологияларды дербес жетілдіру, өзгерту және кеңейту құқығын беруге тиіс.
Конструкторлық және техникалық құжаттаманы электрондық түрде сақтау кезінде заңды тұлға мүше мемлекеттердің аумақтарындағы дерекқорларды пайдалана отырып, оны жазуды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды және нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді) қамтамасыз етуге міндетті.
Кәсіпорында МЕМСТ Р 8.568-2017 сәйкес аттестатталған мүше мемлекеттердің бірінің аумағында "Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Сынақ жабдықтарын аттестаттау. Негізгі ережелер" ыстық тракт тораптарына арналған сынақ жабдығының болуы.
Мүше мемлекеттердің бірінің аумағында өнімді жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы.
Үшінші елдердің өндірісінде пайдаланылған тауарлар құнының пайыздық үлесін сақтау - тауар бағасының 10 пайызынан аспайды.
Мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген мынадай жүйелерді дайындауды немесе пайдалануды жүзеге асыру (бар болса):
электрмен жабдықтау жүйелері (СЭҚ ТН 8536 кодынан); автоматты басқару жүйелері (СЭҚ ТН 9032 кодынан).
Бағдарламалық қамтамасыз ету Ресей Федерациясын қоспағанда, электрондық есептеу машиналары мен мәліметтер базасына арналған ресейлік бағдарламалардың бірыңғай тізілімінде немесе мүше мемлекеттердің электрондық есептеу машиналары мен мәліметтер базасына арналған бағдарламалардың бірыңғай тізілімінде тіркелуге тиіс. Бағдарламалық қамтамасыз ету автоматты басқару жүйелеріне рұқсатсыз қашықтан қол жеткізуді және турбиналардың жұмысына рұқсатсыз қашықтықтан араласуды болдырмауы тиіс.
Мүше мемлекеттердің аумақтарында өнімнің түйінді параметрлерін қалыптастыратын (әсер ететін) мынадай барлық технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
роторлар мен корпустық бөлшектерді термиялық өңдеу (қатайту, қалыпқа келтіру, босату);
роторлар мен корпус бөлшектерін өңдеу (бұрау, жону, бұрғылау, бұранда кесу, тегістеу, жылтырату);
бұйымдарды (бөлшектерді, тораптарды, агрегаттарды) құрастыру;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген мынадай жиынтықтаушы бұйымдарды дайындау немесе пайдалану:
роторларды шыңдау;
компрессорлардың қалақша аппараттары;
турбинаның салқындатылатын және салқындатылмайтын қалақтары (құйма дайындамаларды жасауды қоса алғанда);
жану камералары (жану құрылғылары, жылу құбырлары, жалын айналып өту келте құбырлары, жапқыштар, газ жинағыштар, тұтандырғыштар);
мүше мемлекеттердің аумақтарында өнімнің түйінді параметрлерін қалыптастыратын (әсер ететін) мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
барлық корпустық бөлшектерді құю;
газ турбиналары мен компрессорлардың қалақтарына қорғаныс жабындарын жағу
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде кемінде 5 жыл мерзімге тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде конструкторлық және техникалық құжаттамаға құқықтардың болуы <2>;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында өнімді жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы;
дайындаушы кәсіпорынның құрылымында өзінің конструкторлық-технологиялық бөлімшелерінің болуы;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өнімнің түйінді параметрлерін қалыптастыратын (әсер ететін) мынадай барлық технологиялық операцияларды жүзеге асыру (бар болса):
мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген мынадай жиынтықтаушы бұйымдарды дайындау немесе пайдалану:
статор және ротор парақтары;
өзек немесе катушка орамасы;
статорды немесе ораманың жекелеген компоненттерін вакуумдық сіңдіру;
механикалық өңдеу (фрезерлеу, тесіктерді бұрғылау, тегістеу);
құрастыру;
қабылдау-тапсыру сынақтарын жүргізу";
|
"8502-ден Қуаты 30 – 200 Вт электр және жылу энергиясының дербес генераторлары" деген позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"8502-ден
Сұйытылған табиғи газға арналған сұйық детандер-генераторлар
|
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде кемінде 5 жыл мерзімге тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде конструкторлық және техникалық құжаттамаға құқықтардың болуы;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында өнімді жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы;
мүше мемлекеттердің аумағында құрылымында өзінің есеп айырысу, конструкторлық, технологиялық және өндірістік бөлімшелері бар дайындаушы кәсіпорынның болуы;
мүше мемлекеттердің аумағында орналасқан мамандандырылған криогендік сынақ стендінде өнімге сынақтар жүргізу;
мүше мемлекеттердің аумақтарында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жиынтық балл санымен бағаланатын өнеркәсіптік тауардың түйінді параметрлерін қалыптастыратын (түйінді параметрлерге әсер ететін) мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асыру-кемінде 80 балл, ал 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - кемінде 90 балл:
ГОСТ 32601 және (немесе) СТО ИНТИ S. 10.1-2020 стандартының талаптары ескеріле отырып дайындалған сұйық детандер-генератор;
дайындау операциялары (құю, соғу, штамптау) -20 балл;
термиялық өңдеу (сөндіру, қалыпқа келтіру, босату) - 10 балл;
бұзбайтын бақылау-10 балл;
механикалық өңдеу (бұрау, фрезерлеу, жону, бұрғылау, кесу, бұранда кесу, тегістеу, жылтырату) - 20 ұпай;
дәнекерлеу (корпус пен ағын бөлігінің бөлшектері, байлау бөлшектері) - 10 балл;
бұйымдарды (бөлшектерді, тораптарды, агрегаттарды) құрастыру -10 балл;
қорғаныс жабындарын бояу және жағу - 10 балл;
тауар өндірісінде пайдаланылған шетелдік бөлшектер, тораптар мен жинақтауыштар құнының пайыздық үлесін сақтау:
2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін - тауарлар өндірісінде пайдаланылған барлық тораптар мен жинақтауыштар құнының 20 пайызынан аспайды - 20 балл; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - тауарлар өндіру кезінде пайдаланылған барлық тораптар мен жиынтықтауыштар құнының 15 пайызынан аспайды - 20 балл";
|
"8532 10 000 0 Арнайы мақсаттағы және косинустық конденсаторлар (КЭП (Ф); КЭП; КЭС; КЭ; КПС) 8532 29 000 0 Конденсаторлар (электротермиялық, байланыстар) 8532 90 000 0 Оқшаулағыш тұғырлар 8537 10 980 0 Төмен вольтты конденсаторлық қондырғылар, қуаты 72,5 кВ жоғары статикалық конденсаторлардың батареялары 8537 20 920 0 Жоғары вольтты конденсаторлық қондырғылар, қуаты 72,5 кВ дейінгі статикалық конденсаторлардың батареялары" деген позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"8537-ден Электр қозғалтқышты интеллектуалды басқарудың энергия үнемдейтін құрылғысы
|
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде кемінде 5 жыл мерзімге тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде конструкторлық және техникалық құжаттамаға құқықтардың болуы <2>;
дайындаушы кәсіпорынның құрылымында өзінің конструкторлық-технологиялық бөлімшелерінің болуы;
Үшінші елдердің өндірісінде пайдаланылған тауарлар құнының пайыздық үлесін сақтау - тауар бағасының 10 пайызынан аспайды;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген мынадай жиынтықтаушы бұйымдарды (бар болса) дайындауды немесе пайдалануды жүзеге асыру:
ажыратқыш (СЭҚ ТН 8536 кодынан);
ток трансформаторлары және кернеу трансформаторлары (СЭҚ ТН 8504 кодынан);
релелік қорғау, автоматика және басқару құрылғылары (блоктар, терминалдар, шкафтар) (СЭҚ ТН 8537 кодынан); металл конструкциялары (қабық, корпус)".
|
4. XI бөлімде:
"8421 19 200 1-ден Центрифугалар, медициналық өнеркәсіп үшін зертханаларда қолданылатын орталықтан тепкіш сепараторлар" деген позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"8421-ден
Медициналық центрифугалар
|
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде кемінде 5 жыл мерзімге тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде конструкторлық және техникалық құжаттамаға құқықтардың болуы <8>;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында өнімді жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы;
өндірушінің құрылымында өзінің конструкторлық-технологиялық бөлімшесінің болуы;
өндірісте пайдаланылған үшінші елдердің шығарылған материалдары құнының пайыздық үлесін сақтау - тауар бағасының 40 пайызынан аспайды;
мүше мемлекеттердің аумақтарында мынадай операциялардың кемінде 5-еуін жүзеге асыру:
дайындау (құю және (немесе) соғу және (немесе) штамптау, тесу, кесу);
бөлшектерді термиялық өңдеу;
бөлшектерді өңдеу;
дәнекерлеу;
материалдардың химиялық құрамын, механикалық қасиеттерін талдау, бұзбайтын бақылау;
өнеркәсіптік тауар құрамында қысыммен жұмыс істейтін жылу алмастырғыш жабдықтар мен ыдыстарды дайындау;
құрастыру;
қорғаныс жабындарын бояу және (немесе) жағу (қажет болған жағдайда);
бөлшектер мен тораптарға қажетті аралық сынақтар жүргізу;
қабылдау және қабылдау-тапсыру сынақтарын жүргізу";
|
"9018 19 900 0-ден Нақты уақыт режимінде полимеразды тізбекті реакция әдісімен зерттеулерді қамтамасыз ету үшін анықтайтын амплификаторлар 9018 19 900 0-ден Нуклеин қышқылдарын оқшаулауға арналған аппараттар; нақты уақыт режимінде ПТР диагностикасын жүргізуге арналған дақ үлгісіндегі аспап; автоматты режимде жұмыс істейтін ПТР диагностикасын жүргізуге арналған интеграцияланған платформа" деген позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"9018 20 000 0-ден
Жарыққа сезімтал қаптау материалдарын полимерлеуге арналған жарықдиодты стоматологиялық фотополимеризаторлар, өткізгіш; жарық полимерлеуге арналған шамдар (аппараттар), стоматологиялық фотоактиваторлар (фотополимеризаторлар), тістерді қалпына келтіруге арналған шамдар, реставрациялық пломбалық композиттік материалды полимерлеуге арналған шамдар, трансиллюминацияға арналған шамдар (аппараттар), ауызды фотодезинфекциялауға арналған шамдар, стоматологиялық қызғылт сары шамдар, стоматологиялық UVA шамдары
|
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде кемінде 5 жыл мерзімге тиісті өнімді өндіру үшін жеткілікті көлемде техникалық құжаттамаға және конструкторлық құжаттамаға құқықтардың болуы <8>;
үшінші елдерден шыққан тауарды өндіру кезінде пайдаланылған материалдар құнының пайыздық үлесін сақтау - тауар бағасының 40 пайызынан аспайды";
|
"9022 21 000 0-ден Хирургияны, стоматологияны, ветеринарияны қоса алғанда, медициналық мақсаттарда қолданылатын альфа, бета немесе гамма - сәулелерді пайдалануға негізделген аппараттар" деген позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"9022 21 000 0-ден
Тістердің түбір арналарын машинамен өңдеуге (пломбалауға) арналған аппараттар
|
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде кемінде 5 жыл мерзімге тиісті өнімді өндіру үшін жеткілікті көлемде техникалық құжаттамаға және конструкторлық құжаттамаға құқықтардың болуы <8>;
өндірісте пайдаланылған үшінші елдердің шығарылған тауарлары құнының пайыздық үлесін сақтау - тауар бағасының 40 пайызынан аспайды
|
9022 21 000 0-ден
Тістің түбір өзегінің жұмыс ұзындығын анықтауға арналған аппарат; апекслокацияға, электроодонтодиагностикаға және пульпарлы дентиннің қалыңдығын анықтауға арналған көпфункционалды эндодонтиялық аппарат; стоматологиялық емдеу кезінде жұмыс аймағын жарықтандыруға арналған аппарат
|
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде кемінде 5 жыл мерзімге тиісті өнімді өндіру үшін жеткілікті көлемде техникалық құжаттамаға және конструкторлық құжаттамаға құқықтардың болуы <8>;
өндірісте пайдаланылған үшінші елдердің шығарылған тауарлары құнының пайыздық үлесін сақтау - тауар бағасының 40 пайызынан аспайды".
|
5. XII бөлімде "6810 Арматураланбаған немесе арматураланған цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған бұйымдар" деген позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"7016
Құрылыста пайдаланылатын престелген немесе құйылған шыныдан жасалған, арматураланған немесе арматураланбаған төсеуге арналған блоктар, плиталар, кірпіштер, плиткалар және өзге де бұйымдар; мозаикалық немесе ұқсас сәндік жұмыстар үшін негізге негізделген немесе негізсіз шыны текшелер және өзге де шағын шыны нысандар; витраждар және ұқсас бұйымдар; плиталар, қабықтар немесе басқа формалар түріндегі блоктар, панельдер нысанындағы ұяшықты немесе көбікті шыны
|
мүше мемлекеттердің аумақтарында мынадай операцияларды жүзеге асыру:
көбікті шыны блоктарын өндіру үшін бастапқы әйнекті қайта өңдеу және шыны шихта дайындау;
көбікті шыны блоктарын өндіру (көбіктендіру және күйдіру); көбікті шыны блоктарын механикалық өңдеу әдісімен қарапайым пішінді көбікті шыныдан (плитадан) және күрделі нысандағы пішінді бұйымдардан (қабықтан, сегменттерден, тізеден және т. б.) жылу оқшаулағыш бұйымдарды дайындау".
|
6. XIII бөлімде:
"8413 70-тен ГОСТ 32601-2013 талаптарына сәйкес орындалған орталықтан тепкіш сорғылар; қоректендіргіш және конденсатты сорғылар; өнімділігі 2000 м3/сағ жоғары Д типті екі жақты жүрісті және суасты кәріз сорғылары" деген позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"8413 70-тен
Сұйытылған табиғи газдың ірі тоннаждық өндірістері үшін Bb1, bb2, BB3, BB5 және VS1/VS6 типті орталықтан тепкіш технологиялық сорғылар және олардың негізіндегі агрегаттар
|
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде кемінде 5 жыл мерзімге тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде конструкторлық және техникалық құжаттамаға құқықтардың болуы <8>;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында өнеркәсіптік тауарды жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы;
мүше мемлекеттердің бірінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өнеркәсіптік тауарды сынауды мүше мемлекеттердің бірінің аумағында орналасқан сынақ стендінде жүргізу. Сынақ жабдығы осындай мүше мемлекеттің стандарттарына сәйкес аттестатталуы тиіс;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өнеркәсіптік тауардың түйінді параметрлерін қалыптастыратын (түйінді параметрлерге әсер ететін) мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
МЕМСТ 32601 және (немесе) СТО ИНТИ S. 10.1 - 2020 <30>стандартының талаптарын ескере отырып дайындалған сорғы;
қысыммен жұмыс істейтін сорғы корпусы: дайындау операцияларын орындау (құю және (немесе) соғу және (немесе) штамптау) <30> мүше мемлекеттердің аумағында-55 балл;
дәнекерлеу операцияларын және (немесе) термоөңдеу операцияларын орындау (сөндіру; қалыпқа келтіру; босату) <30> мүше мемлекеттердің аумағында - 40 балл (бар болса);
мүше мемлекеттердің аумағында бұзбай бақылау жөніндегі операцияларды орындау-30 балл (бар болса) <30>;
мүше мемлекеттердің аумағында механикалық өңдеу (бұрау және (немесе) бұрғылау;
жону және (немесе) фрезерлеу және (немесе) бұранда кесу және (немесе) тегістеу және (немесе) жылтырату) бойынша операцияларды орындау <30>-110 балл;
сорғының жұмыс дөңгелегі / бағыттаушы аппараты (диффузор): дайындау операцияларын орындау (құю және (немесе) соғу және (немесе) штамптау) <30> мүше мемлекеттердің аумағында - 45 балл;
дәнекерлеу операцияларын және (немесе) термоөңдеу операцияларын орындау (сөндіру; қалыпқа келтіру; босату) <30> мүше мемлекеттердің аумағында - 30 балл (бар болса);
мүше мемлекеттердің аумағында бұзбай бақылау жөніндегі операцияларды орындау - 30 балл (бар болса) <30>;
механикалық өңдеу бойынша операцияларды орындау (бұрау – диаметрді талап етілетін параметрлерге кесуді және (немесе) жонуды және (немесе) бұрғылауды және (немесе) фрезерлеуді және (немесе) бұранда кесуді және (немесе) тегістеуді және(немесе) жылтыратуды қоспағанда) <30> мүше мемлекеттердің аумағында-70 балл;
сорғы білігі:
мүше мемлекеттердің аумағында дайындау операцияларын (құю және (немесе) соғу және (немесе) штамптау) <30> және термоөңдеу операцияларын (бар болса) орындау (шынықтыру; қалыпқа келтіру; босату) <30> - 20 балл;
мүше мемлекеттердің аумағында бұзбай бақылау жөніндегі операцияларды орындау-15 балл (бар болса) <30>;
мүше мемлекеттердің аумағында механикалық өңдеу (қайрау және (немесе) бұрғылау және (немесе) жону және (немесе) фрезерлеу және (немесе) жіп кесу және (немесе) тегістеу және (немесе) жылтырату) бойынша операцияларды орындау <30> - 45 балл;
сорғы статорының басқа бөлшектері, олар сорғы статорына кіретін, бірақ қысыммен жұмыс істейтін корпус болып табылмайтын компоненттер деп түсініледі (мысалы, тік сорғылардың тірек корпусы, екі корпусты сорғылардың ішкі корпусы, мойынтіректердің корпустары, кронштейндер және т. б.):
мүше мемлекеттердің аумағында дайындау операцияларын орындау (құю және (немесе) соғу және (немесе) штамптау) <30> -30 балл;
мүше мемлекеттердің аумағында дәнекерлеу операцияларын және (немесе) термоөңдеу операцияларын орындау (сөндіру; қалыпқа келтіру; босату) <30> -25 балл (бар болса);
мүше мемлекеттердің аумағында бұзбай бақылау жөніндегі операцияларды орындау - 30 балл (бар болса) <30>;
мүше мемлекеттердің аумағында механикалық өңдеу (бұрау және (немесе) жону және (немесе) бұрғылау және (немесе) фрезерлеу және (немесе) жіп кесу және (немесе) тегістеу және (немесе) жылтырату) бойынша операцияларды орындау <30>-60 балл;
мүше мемлекеттердің аумағында сорғының құбыр байламдарын дайындау (құбырларды кесу, ию, дәнекерлеу, бұзбайтын бақылау, арматура мен жинақтауыштарды (крандар, ысырмалар, фланецтер және т. б.) қолдану)-40 балл <30>;
құрастыру операциялары:
ротордың құрастыру операцияларын орындау, роторды теңестіру және мүше мемлекеттердің аумағында сорғыны құрастыру -30 балл;
мүше мемлекеттердің аумағында коррозияға қарсы және басқа да арнайы жабындарды жағу-50 балл;
мүше мемлекеттерге өндірілген жиынтықтауыштарды сорғы құрамында өндіру немесе қолдану:
соңғы тығыздағыштар; тығыздау элементтері-40 балл;
мойынтіректер-30 балл;
бақылау-өлшеу аспаптары және олардың компоненттері (КИП) - 55 балл;
сорғы қондырғысы <30>:
мүше мемлекеттердің аумағында өндірілген сорғы агрегатының немесе сорғы бөлігінің құрамында өндіру немесе қолдану <30>;
агрегаттың жақтауы және тірек конструкциялары: дайындау операцияларын орындау (құю және (немесе) соғу және (немесе) штамптау) <30> мүше мемлекеттердің аумағында - 40 балл;
мүше мемлекеттердің аумағында технологиялық операцияларды (дәнекерлеу және (немесе) термоөңдеу және (немесе) механикалық өңдеу) <30> және құрастыру операцияларын орындау-50 балл;
мүше мемлекеттердің аумағында агрегаттың құбыржол байламдарын дайындау (құбырларды кесу, ию, дәнекерлеу, бұзбайтын бақылау, арматура мен жиынтықтауыштарды (крандар, ысырмалар, фланецтер және т. б.) қолдану)-85 балл <30>;
мүше мемлекеттердің аумағында коррозияға қарсы және басқа да арнайы жабындарды жағу-50 балл;
мүше мемлекеттердің аумағында агрегаттың құрастыру операцияларын орындау (агрегаттау)-30 балл;
мүше мемлекеттердің аумағында жинақта агрегаттың параметрлік сынақтарын қоса алғанда, агрегат құрамында сынақтар жүргізу-110 балл;
мүше мемлекеттердің аумағында өндірілген сорғы жетегі агрегатының құрамында (электр қозғалтқышы; дизельді қозғалтқыш және т. б.) өндіру немесе қолдану-450 балл;
мүше мемлекеттердің аумағында өндірілген айналымдар санын (жиілік түрлендіргіші немесе гидромуфт) немесе ұлғайту/төмендету трансмиссиясын (редуктор; мультипликатор және т. б.) реттеу агрегатының құрамында өндіру немесе қолдану-110 балл;
мүше мемлекеттердің аумағында өндірілген жиынтықтауыштарды агрегат құрамында өндіру немесе қолдану:
жалғастырғыш муфта-30 балл;
бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдары (КИП және А) және олардың компоненттері; кабельдік өнім-55 балл";
|
"8414 80-ден Ауа сорғылары, ауа немесе газ компрессорлары, желдеткіш немесе рециркуляциялық сорғыш қалпақшалар немесе желдеткіші бар, сүзгілері бар немесе сүзгілері жоқ шкафтар, өзгелері" деген позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"8414 80-нен
Бу газының ортадан тепкіш криогендік компрессорлары
|
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде кемінде 5 жыл мерзімге тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде конструкторлық және техникалық құжаттамаға құқықтардың болуы <8>;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында өнеркәсіптік тауарды жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы;
мүше мемлекеттердің аумағында құрылымында өзінің есеп айырысу, конструкторлық, технологиялық және өндірістік бөлімшелері бар дайындаушы кәсіпорынның болуы;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өнеркәсіптік тауардың түйінді параметрлерін қалыптастыратын (түйінді параметрлерге әсер ететін) 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жиынтық балл санымен - кемінде 130 баллмен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап-кемінде 170 баллмен бағаланатын мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
компрессор корпусын механикалық өңдеу, технологиялық процестерде көзделген көлемнің 100 пайызы көлемінде механикалық өңдеуді орындау-20 балл;
криогендік температурада жоғары температуралық тұрақтылығы бар арнайы болаттардан білік жасау үшін соғу өндірісі-40 балл;
компрессор білігін өндіру, технологиялық процестерде көзделген көлемнің 100 пайызы көлемінде механикалық өңдеуді орындау-30 балл;
криогендік температурада жоғары температуралық тұрақтылығы бар арнайы болаттан жасалған компрессордың жұмыс дөңгелектерін өндіру-20 балл;
компрессор конструкциясында көзделген барлық құрғақ газдинамикалық тығыздағыштарды өндіру - 20 балл;
компрессорды құрастыру-20 балл;
жабдықты аттестатталған стендте сынау (механикалық, газдинамикалық) - 20 балл";
|
"8419 60 000 0 Ауаны немесе газды сұйылтуға арналған машиналар" деген позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"8419-дан,
8479-дан
Сіңіру қондырғылары, сіңдіру автоклавтары, вакуумды-айдау сіңірулері, вакуумды сіңіру
|
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде кемінде 5 жыл мерзімге тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде конструкторлық және техникалық құжаттамаға құқықтардың болуы <8>;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында өнімді жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы;
мүше мемлекеттердің аумағында мынадай операцияларды жүзеге асыру:
дайындау операциялары (лазерлік, механикалық бөлшектерді кесу);
бөлшектерді өңдеу;
дәнекерлеу және / немесе иілу жұмыстары;
бояуға дайындық, лак-бояу жабындарын жағу;
өндірістік, бақылау-өлшеу сынақтары;
жабдықты құрастыру және монтаждау
|
8421 21 000
Суды сүзуге немесе тазартуға арналған жабдықтар мен құрылғылар
|
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде кемінде 5 жыл мерзімге тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде конструкторлық және техникалық құжаттамаға құқықтардың болуы <8>;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында өнімді жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өнімнің түйінді параметрлерін (түйінді параметрлеріне әсер ететін) қалыптастыратын барлық мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
дайындау операциялары (құю, соғу, штамптау);
термиялық өңдеу (сөндіру, қалыпқа келтіру, босату);
механикалық өңдеу (қайрау, жону, бұрғылау, жіппен кесу, тегістеу, жылтырату):
дәнекерлеу (агрегаттардың жақтауы, байлау бөлшектері);
материалдардың химиялық құрамын, механикалық қасиеттерін талдау, бұзбайтын бақылау;
бұйымдарды (бөлшектерді, тораптарды, агрегаттарды) құрастыру;
қорғаныс жабындарын бояу және жағу.
Тауарды өндіру кезінде пайдаланылған үшінші елдердің бөлшектері, тораптары мен жинақтауыштары құнының пайыздық үлесін сақтау - тауарды өндіру үшін қажетті бөлшектердің, тораптардың және жинақтауыштардың жалпы саны бағасының 10 пайызынан аспайды";
|
"8481 10 Қысымды реттеуге арналған редукциялық клапандар 8481 30 Кері (қайтарылмайтын) клапандар 8481 40 Сақтандырғыш немесе түсіру клапандары 8481 80 Өзге де арматура" деген позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"8431 43 000 0
8430 41 немесе 8430 49 қосалқы позициясының бұрғылау немесе үңгілеу машиналарының бөлшектері
|
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде <10> кемінде 5 жыл мерзімге тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде конструкторлық және техникалық құжаттамаға құқықтардың болуы <11>;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында өнімді жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өнімнің түйінді параметрлерін (түйінді параметрлеріне әсер ететін) қалыптастыратын барлық мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
термиялық өңдеу (сөндіру, қалыпқа келтіру, босату);
дәнекерлеу (агрегаттардың жақтауы, байлау бөлшектері) және балқыту;
механикалық өңдеу;
бұйымдарды (бөлшектерді, тораптарды, агрегаттарды) құрастыру;
қорғаныс жабындарын бояу және жағу.
Тауарды өндіру кезінде пайдаланылған үшінші елдердің бөлшектері, тораптары мен жинақтауыштары құнының пайыздық үлесін сақтау - тауарды өндіру үшін қажетті бөлшектердің, тораптардың және жинақтауыштардың жалпы саны бағасының 15 пайызынан аспайды".
|
7. XV бөлімде:
"8528 59 Интерактивтік кешен" деген позицияның алдынан мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"8473 30 200-ден
8473 30 800 0-ден
8471 тауар позициясы машиналарының бөлшектері мен керек-жарақтары (шасси (корпус)
|
өтініш берушіге жиынтығында 20 балл беретін міндетті талаптарды орындау:
шет мемлекеттің және (немесе) халықаралық ұйымның және (немесе) шетелдік заңды немесе жеке тұлғаның және (немесе) заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымның бақылауында болмайтын мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде мыналардың болуы <10>:
кемінде 5 жыл мерзімге тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту мүмкіндігін растайтын көлемде конструкторлық, технологиялық құжаттамаға құқықтардың болуы;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында өнімді жөндеуді, сатудан кейінгі, кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы.
Мүше мемлекеттердің аумақтарында мынадай технологиялық операцияларды орындау:
шассиді (корпусты) құю немесе қалыптау процесіне шикізат дайындауды, пішуді, кесуді, электрофизикалық және (немесе) электрохимиялық өңдеуді (өнімді дайындаудың технологиялық процесінде аталған операциялар болған кезде) қамтитын, жиынтығында өтініш берушіге B1=30 балл беретін операцияларды орындау;
штамптауды (иілуді), шассиді (корпусты) қалыптауды және (немесе) құюды, фрезерлеуді (өнімді дайындаудың технологиялық процесінде аталған операциялар болған кезде) қамтитын, жиынтығында өтініш берушіге B2=30 балл беретін операцияларды орындау;
өтініш берушіге жиынтығында B3=30 балл беретін дәнекерлеуді, жабынды жағуды, бекіткіш элементтерді орнатуды, монтаждауды (өнімді дайындаудың технологиялық процесінде аталған операциялар болған кезде) қамтитын операцияларды орындау;
бұл ретте балдарды есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
B = (В1+В2+В3)/3
|
8525
Қабылдау, дыбыс жазу немесе дыбыс шығару аппаратурасын қамтитын немесе оның құрамына кірмейтін радиохабар тарату немесе теледидар үшін таратушы аппаратура; телевизиялық камералар, сандық камералар және жазатын бейнекамералар
|
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде кемінде 5 жыл мерзімге тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде конструкторлық және техникалық құжаттамаға құқықтардың болуы <10>;
мүше мемлекеттердің аумақтарында мынадай операцияларды жүзеге асыру:
мүше мемлекеттердің аумақтарында жүргізілген баспа платаларын өндіру немесе пайдалану;
құрастыру;
өндірістік сынақтар;
қаптау";
|
8. XVII бөлімде:
"9027 10-нан Физикалық немесе химиялық талдауға арналған аспаптар мен аппаратуралар (мысалы, поляриметрлер, рефрактометрлер, спектрометрлер, газ немесе түтін анализаторлары)" деген позицияның алдынан мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"8543 20 000 0
Сигналдардың генераторлары
|
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде тиісті өнеркәсіптік тауарды өндіру, жаңғырту және дамыту үшін әзірленген техникалық құжаттамаға кемінде 5 жыл мерзімге құқықтардың болуы;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында өнеркәсіптік тауарды жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы;
өндірушінің құрылымында меншікті конструкторлық-технологиялық бөлімшелердің болуы;
өндірісте пайдаланылған үшінші елдердің шығарылған материалдары құнының пайыздық үлесін сақтау - тауар бағасының 30 пайызынан аспайды
|
9030 33 990 0
9031 20 000 0
9031 80 980 0
9024 80 900 0
9031 80 910 0
Өлшеуге, бақылауға және сынауға арналған өзге де аспаптар мен аппаратура
9014 10 000 0
Бағытты анықтауға арналған компастар
9027 50 000 0-ден
Физикалық немесе химиялық талдауға арналған өзге де аспаптар мен аппаратуралар
|
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде тиісті өнеркәсіптік тауарды өндіру, жаңғырту және дамыту үшін әзірленген техникалық құжаттамаға кемінде 5 жыл мерзімге құқықтардың болуы;
сервистік орталыққа мүше мемлекеттердің бірінің аумағында тауарды жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті болуы;
өнім өндіруші өнімінің сату бағасы мен оны өндіру кезінде пайдаланылған шикізаттың, материалдар мен жинақтаушы бұйымдардың бағасы арасындағы айырманың үлесі өнім бірлігінің сату бағасында кемінде 50 пайызды құрайды;
мүше мемлекеттердің аумақтарында мәлімделген тауарды өндіру кезінде мынадай операциялардың кемінде 8-ін жүзеге асыру:
токарлық;
фрезерлік;
тегістеу;
кесу;
бұрғылау;
слесарьлық;
координаттық-скринингтік;
термиялық өңдеу операциялары;
электрондық модульдер мен блоктарды құрастыру, монтаждау және баптау;
тауарды кешенді баптау және сынау;
бақылау-өлшеу операциялары
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде кемінде 5 жыл мерзімге техникалық құжаттамаға құқықтардың болуы;
мүше мемлекеттің заңды тұлғасына - салық резидентіне айрықша құқығы тиесілі болатын бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану;
өндірісте пайдаланылған үшінші елдердің шығарылған материалдары құнының пайыздық үлесін сақтау-тауар бағасының 45 пайызынан аспайды, ал 2025 жылғы 1 шілдеден бастап - тауар бағасының 30 пайызынан аспайды;
мүше мемлекеттердің аумақтарында мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асыру (дайындау технологиясы болған кезде):
элементтерді баспа платасына орнату;
микробағдарлама дайындау;
мүше мемлекеттің заңды тұлғасының - салық резидентінің бұйымды құрастыруы;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында өнімге сынақтар жүргізу;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында өнеркәсіптік тауарды жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде <10> кемінде 5 жыл мерзімге тиісті өнімді өндіру үшін жеткілікті көлемде техникалық құжаттамаға және конструкторлық құжаттамаға құқықтардың болуы;
үшінші елдердің шығарылған материалдарын өндіру (дайындау) кезінде пайдаланылған құнның пайыздық үлесін сақтау - тауар бағасының 50 пайызынан аспайды;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген бағдарламалық қамтамасыз етуге немесе баспа платаларын өндіру кезінде пайдалануға құқықтардың болуы;
мүше мемлекеттердің аумақтарында дайындалған корпустық бөлшектерді өндірісте пайдалану";
|
"9030 10 000 0 Иондаушы сәулеленуді анықтауға немесе өлшеуге арналған аспаптар мен аппаратура" деген позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"9030 20 100 0
Осциллоскоптар және электрондық-сәулелік осциллографтар
9030 31 000 0-ден
9030 32 000 9-дан
9031 41 000 0-ден
9031 49-дан
9031 80-нен
Электрондық компоненттер мен тораптарды өлшеудің автоматтандырылған құралдарын қоса алғанда, ЭКБ қабылдау сынақтарына арналған бақылау-өлшеу және сынау жабдығы
9031 80 910 0
Геометриялық шамаларды өлшеуге және бақылауға арналған өзге де аспаптар, құрылғылар мен машиналар
|
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде тиісті өнеркәсіптік тауарды өндіру, жаңғырту және дамыту үшін әзірленген техникалық құжаттамаға кемінде 5 жыл мерзімге құқықтардың болуы;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында өнеркәсіптік тауарды жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы;
өндірушінің құрылымында меншікті конструкторлық-технологиялық бөлімшелердің болуы;
өндіру кезінде пайдаланылған үшінші елдердің шығарылған материалдары құнының пайыздық үлесін сақтау - тауар бағасының 50 пайызынан аспайды
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде айрықша меншік құқықтарының не иеленудің және пайдаланудың өзге де заңды негіздерінің болуы:
тиісті арнайы технологиялық жабдықты өндіру, жаңғырту және пайдалану үшін жеткілікті көлемдегі конструкторлық, технологиялық және пайдалану құжаттамасы;
тиісті өнеркәсіптік тауарды өндіру, жаңғырту және пайдалану үшін қажетті мамандандырылған бағдарламалық өнімдер;
тиісті өнеркәсіптік тауарды өндіру, жаңғырту үшін қажетті коммерциялық құпия санатына жатқызылған өндірістік және технологиялық ноу-хау;
тиісті өнеркәсіптік тауарды өндіру, жаңғырту үшін қажетті өнертабыстар мен пайдалы модельдерге патенттер;
мүше мемлекеттердің аумақтарында жоғарыда көрсетілген талаптарға жауап беретін заңды тұлғаның мынадай операцияларды жүзеге асыруы:
құрылымдық элементтерді дайындау: корпустар, манипуляторлар, тіректердің, блоктардың, модульдердің және басқа да құрамдас бөліктердің механикалық элементтері;
баспа тораптарын жасау;
өнеркәсіптік тауарды құрастыру және монтаждау, сынау, оның ішінде өлшеу құралдарының түрін бекіту мақсатында сынау;
өндірісте пайдаланылған үшінші елдердің шығарылған материалдары құнының пайыздық үлесін сақтау - тауар бағасының 50 пайызынан аспайды. Өндірісте пайдаланылған үшінші елдердің шығарылған материалдары құнының пайыздық үлесін айқындау кезінде өндірісте қолдануға рұқсат етілетін мынадай жинақтаушы бұйымдар ғана ескеріледі:
вакуумды айдау құралдары, вакуумды өлшеу құралдары және қалдық атмосфера анализаторы, өшіру-вакуумдық арматура, дәл газ шығынын реттегіштер және жоғары тазалықтағы газдармен жұмыс істеуге арналған арматура;
мамандандырылған электрониканың жекелеген түрлері, соның ішінде дәл температура реттегіштері мен ВЧ генераторлары;
технологиялық газдарды мәреге дейін тазарту жүйелері;
аналитикалық жүйелер (дифракция жүйелері, пирометрлер және т. б.), жоғары температуралы қыштан, графиттен, кремний карбидінен жасалған бұйымдар;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында өнімді жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы;
өнеркәсіптік тауар базалық технологиялық процестерге арналған құжаттамада жинақталуы тиіс
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде тиісті өнеркәсіптік тауарды өндіру, жаңғырту және дамыту үшін әзірленген техникалық құжаттамаға кемінде 5 жыл мерзімге құқықтардың болуы;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы;
өндірісте пайдаланылған үшінші елдердің шығарылған материалдары құнының пайыздық үлесін сақтау - тауар бағасының 50 пайызынан аспайды;
мүше мемлекеттердің аумақтарында жүзеге асыру мәлімделген тауарды өндіру кезіндегі мынадай операциялардың кемінде 8-і:
токарлық;
фрезерлік;
тегістеу;
кесу;
бұрғылау;
слесарьлық;
координаталық-скринингтік;
термиялық өңдеу операциялары;
электрондық модульдер мен блоктарды құрастыру, монтаждау және баптау;
тауарды кешенді баптау және сынау;
бақылау-өлшеу операциялары
|
9030 31 000 0
Кернеуді, ток күшін, кедергіні немесе қуатты өлшеуге немесе бақылауға арналған жазу құрылғысынсыз әмбебап өлшеу аспаптары
9030 32 000
Кернеуді, ток күшін, кедергіні немесе қуатты өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен жазу құрылғысы бар өзге де әмбебап аппаратура
9030 33
Кернеуді, ток күшін, кедергіні немесе қуатты өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен жазу құрылғысынсыз өзге де әмбебап аппаратура, өзгелері
9030 39 000
Кернеуді, ток күшін, кедергіні немесе қуатты өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен жазу құрылғысы бар өзге де аппаратура, өзгелері
9030 40 000 0
Телекоммуникациялар үшін арнайы арналған аспаптар мен аппаратура, өзгелері (мысалы, айқаспалы кедергілерді өлшегіштер, күшейту коэффициенттері, бұрмалау коэффициенттері, псофометрлер)
|
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде тиісті өнеркәсіптік тауарды өндіру, жаңғырту және дамыту үшін қажетті техникалық құжаттаманың (конструкторлық, технологиялық және бағдарламалық) және оған кемінде 5 жыл мерзімге құқықтардың болуы;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында өнімді жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы;
өндірушінің құрылымында меншікті конструкторлық-технологиялық бөлімшелердің болуы;
өндіру кезінде пайдаланылған үшінші елдердің шығарылған материалдары құнының пайыздық үлесін сақтау - тауар бағасының 30 пайызынан аспайды
мүше мемлекеттің заңды тұлғасында - салық резидентінде тиісті өнеркәсіптік тауарды өндіру, жаңғырту және дамыту үшін қажетті техникалық құжаттаманың (конструкторлық, технологиялық және бағдарламалық) және оған кемінде 5 жыл мерзімге құқықтардың болуы;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында өнімді жөндеуді, сатудан кейінгі және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервистік орталықтың болуы;
өндірушінің құрылымында меншікті конструкторлық-технологиялық бөлімшелердің болуы; өндірісте пайдаланылған үшінші елдердің шығарылған материалдары құнының пайыздық үлесін сақтау - тауар бағасының 50 пайызынан аспайды".
|
9. 5-сілтемеде:
жетінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
3102 "Минералды немесе химиялық, азотты тыңайтқыштар" – 30 баллдан кем емес;
3102 50 000 0 "Минералды немесе химиялық, азотты тыңайтқыштар: натрий нитраты" – 30 баллдан кем емес;
3103 "Минералды немесе химиялық, фосфорлы тыңайтқыштар" – 30 баллдан кем емес;
3104 "Минералды немесе химиялық, калийлі тыңайтқыштар" – 30 баллдан кем емес;
3105 10 000 0 "Құрамында екі немесе үш қоректік элементі бар минералды немесе химиялық тыңайтқыштар: азот, фосфор және калий; өзге де тыңайтқыштар; брутто-массасы 10 кг аспайтын таблеткалардағы немесе ұқсас нысандардағы немесе орамдардағы осы топтың тауарлары: брутто-массасы10 кг аспайтын таблеткалардағы немесе ұқсас нысандардағы немесе орамдардағы осы топтың тауарлары" – 30 баллдан кем емес;
3105 90 "Өзге де минералды немесе химиялық тыңайтқыштар" – 30 баллдан кем емес;".
10. 9-сілтемеден кейінгі абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Станок жасау", "мұнай-газ машиналарын жасау", "электроника және радиоэлектроника", "ауыр машина жасау" және "өлшеуге арналған аспаптар" салалары бойынша":".
11. Мынадай мазмұндағы 30-сілтемемен толықтырылсын:
"<30> Бағалау жүйесі МемСТ Р 58972 талаптарына сәйкес іріктелген, өнімнің осы түріне ғылыми-техникалық құжаттамаға және (немесе) техникалық шарттарға сәйкес дайындалған жабдыққа (сорғыға немесе сорғы агрегатына) қолданылады, оның дайындалу деңгейін бағалау нәтижелері бойынша техникалық шарттарда көрсетілген өнімнің осы түрінің барлық бұйымдарын бағалау қабылданған.
Жабдықты өндірудің технологиялық процесінде қандай да бір немесе барлық операциялар болмаған не өнімнің әртүрлі модификацияларын өндіру кезінде міндетті түрде пайдаланылатын қандай да бір бөлшектердің/компоненттердің конструкциясында қарастырылып отырған бұйымдар болмаған жағдайда, шекті критерий ретінде қабылданған баллдар сомасын қарастырылып отырған бұйым үшін ең жоғары мүмкін болатын баллдар сомасының сорғы үшін 1000 немесе агрегат үшін 2000 қатынастарына көбейту қажет:

БҰЙЫМ СОМ – қарастырылып отырған бұйым үшін критерий ретінде қызмет ететін баллдар сомасы;
КРИТ СОМ – қарастырылып отырған жабдық тобы үшін шекті критерий ретінде қабылданған баллдар сомасы;
БҰЙЫМmax СОМ – конструкциясы мен дайындау технологиясы ескеріле отырып, қарастырылып отырған бұйым үшін мүмкін болатын ең жоғары балл сомасы;
СОМmax – қарастырылып отырған жабдық тобы үшін сорғы үшін 1000-ға тең және қондырғы үшін 2000-ға тең баллдардың ең жоғары ықтимал сомасы.
Баллдық бағалау тек осы өнімнің дизайнында қолданылатын операцияларға, бөлшектер мен компоненттерге қатысты қолданылады. Қолданылатын операциялар, бөлшектер мен компоненттер белгіленген балл санымен толық көлемде бағаланады.
Блокты жиынтық сорғы қондырғылары мен сорғы станцияларын бағалау үшін сорғы агрегаттары үшін келтірілген шарттар мен өлшемдер қолданылады.".
12. Ескертпелерде:
2-тармақта:
бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"8473 30 200, из 8473 30 800 0-ден "8471 тауар позициясы машиналарының бөлшектері мен керек-жарақтары (шасси (корпус)" – 50 баллдан кем емес;";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
""Электроника және радиоэлектроника" деген XV бөлімге енгізілген және тиісті технологиялық операция орындалған жағдайда мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген өнімге жатқызу мақсатында қойылатын бірінші деңгейдегі интегралдық схемаға немесе екінші деңгейдегі интегралдық схемаға қойылатын талаптарды қанағаттандыратын орталық процессорды қолдану жөніндегі технологиялық операцияны орындағаны үшін баллдар белгіленген тауарлар тиісті технологиялар орындалған жағдайда бірінші деңгейдегі радиоэлектрондық өнім деп, орындалмаған және оның құрамында орталық процессор қолданылған жағдайда – екінші деңгейдегі радиоэлектрондық өнім деп танылады.";
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Осы тізбенің "Энергетикалық машина жасау, электротехника және кәбіл өнеркәсібі" деген ІX бөлімге енгізілген тауарлар (технологиялық операцияларды орындағаны үшін оларға қатысты баллдар белгіленген өнеркәсіптік тауарлар үшін) жиынтығында тауардың әрбір бірлігі үшін көрсетілген операцияларды мүше мемлекеттердің аумақтарында орындағаны үшін төмендегідей жиынтық баллдар санына қол жеткізілген жағдайда, мүше мемлекеттің аумағында өндірілген тауарларға жатқызылуы мүмкін:
8502-ден "Сұйытылған табиғи газға арналған сұйық детандер-генераторлар":
2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін - кемінде 80 балл;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - кемінде 90 балл.
4. Осы тізбенің XIII "Мұнай-газ машиналарын жасау" бөліміне енгізілген тауарлар (технологиялық операцияларды орындағаны үшін оларға қатысты баллдар белгіленген өнеркәсіптік тауарлар үшін) мүше мемлекеттердің аумақтарында көрсетілген операцияларды орындағаны үшін жиынтығында тауардың әрбір бірлігі үшін төмендегідей жиынтық баллдар санына қол жеткізілген жағдайда, мүше мемлекеттің аумағында өндірілген тауарларға жатқызылуы мүмкін:
8413 70-тен "Сұйытылған табиғи газдың ірі тоннаждық өндірістері үшін BB1, BB2, BB3, BB5 және VS1/VS6 типті орталықтан тепкіш технологиялық сорғылар және олардың негізіндегі агрегаттар":
сорғылар:
2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін - кемінде 750 балл;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - кемінде 850 балл;
сорғы қондырғылары:
2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін - кемінде 1300 балл;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - кемінде 1800 балл
8414 80-нен "Бу газының ортадан тепкіш криогендік компрессорлары":
2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін - кемінде 130 балл;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - кемінде 170 балл.".