Жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауарлар санаттарының тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 62 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 256-бабының 6-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 12913-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауарлар санаттарының тізбесіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне № 6 қосымша) өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан
В. Григорян

Беларусь
Республикасынан
И. Петришенко

Қазақстан
Республикасынан
С. Жұманғарин

Қырғыз
Республикасынан
А. Касымалиев

Ресей
Федерациясынан
А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2024 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 62 шешіміне
ҚОСЫМША

Жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауарлар санаттарының тізбесіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 7-тармақта "отынды" деген сөзден кейін ", сондай -ақ, егер Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне 2-қосымшада көзделген критерийлерге сай келетін, пайдалануда болған, бөлшек саудада сату үшін дайындалған және (немесе) тұтыну ыдысына (қаптамасына) бөлініп салынған өзге де дайын бұйымдарды" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 10-тармақта "іштен" деген сөздің алдынан "Көлік құралдарына арналған" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. 11-тармақ "(тұрмыстық жылыту қазандықтарын қоспағанда (30 кВт дейін))" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Тұрмыстық ыдыс жуғыш машиналарды;

      мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды көтеруге және орнын ауыстыруға арналған мобильді жабдықты;

      қуаты 10 кВт аспайтын немесе қуаты 10 а. к. аспайтын моторлы қозғалтқышы бар 220 В дейінгі кернеу желісіне қосылатын соқалы және роторлы қар тазалағыштарды;

      көгалдарға арналған шөп шабатын машиналарды, мотоблоктар мен мотоқопсытқыштарға арналған аспалы жабдықты (оның ішінде картоп қазғыштарды);

      сауу қондырғылары мен аппараттарды;

      100 жұмыртқаға дейінгі тұрмыстық инкубаторларды;

      220 В дейінгі кернеу желісіне қосылатын және салмағы 30 кг дейінгі жемшөп ұсатқыштарды, астық ұсатқыштарды, қолмен немесе жемшөп кескіштерді;

      220 В дейінгі кернеу желісіне қосылатын тоқу машиналарын және салмағы 20 кг-ға дейін, қолмен кесте тігу машиналарын;

      электр қозғалтқыштары бар жону станоктарын, қайрау станоктарын (қайрақ), 220 В дейінгі кернеу желісіне қосылатын және салмағы 20 кг дейінгі электр қозғалтқышы, тізбекті қайрауға арналған станоктарды;

      220 В дейінгі кернеу желісіне қосылатын және салмағы 20 кг дейінгі металл кесетін станоктарды;

      220 В дейінгі кернеу желісіне қосылатын және салмағы 20 кг дейінгі қайрау (тегістеу) станоктарын;

      тұрмыстық механикалық араларды;

      220 В дейінгі кернеу желісіне қосылатын және салмағы 20 кг дейінгі тұрмыстық бұрғылау станоктарын;

      220 В дейінгі кернеу желісіне қосылатын және салмағы 20 кг дейінгі ағаш және басқа да қатты материалдарды өңдеуге арналған тұрмыстық станоктарды;

      қуат кернеуі 220 В электр қозғалтқышы бар көлемі 200 литрге дейінгі бетон араластырғыштарды;

      пластмассадан жасалған фигуралар мен модельдерді қалыптастыруға арналған құрылғыларды (3D қаламдар);

      электр қозғалтқыштарына арналған көмір щеткаларды;

      портативті вольтметрлерді, амперметрлерді, мультиметрлерді (әртүрлі электр шамаларын өлшеу үшін) қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН 8401, 8402, 8405, 8406, 8410, 8411, 8417, 8420, 8422, 8426 – 8430, 8433 – 8442, 8444 00 – 8449 00 000 0, 8453 – 8466, 8468, 8474 – 8480, 8486, 8487, 8514, 8530, 8534 00, 8535, 8545, 8548 00, 9024, 9027, 9030, 9031 тауар позицияларында сыныпталатын машиналар, механизмдер, жабдықтар.".

      5. 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Тіс дәрігерінің балауызы немесе тістердің құймаларын алуға арналған, жиынтықтарға, бөлшек саудаға арналған қаптамаларға бөліп салынған немесе плиткалар түрінде, таға нысанында, кесектерде немесе ұқсас нысандардағы құрамдар, гипс (кальцийленген гипс немесе кальций сульфаты) негізіндегі өзге де тіс дәрігерлік мақсаттарға арналған құрамдар, тіс дәрігерлік импланттар, басқа да тіс дәрігерлік өнімдер, медициналық техника мен жабдық (шприцтерді, инелерді, катетерлерді, канюльдерді, ингаляторларды (небулайзерлерді), глюкометрлер мен оларға арналған тест-жолақтарды, қандағы қант деңгейін мониторингілеуге арналған аспаптарды, инсулинді тұрақты инфузиялауға арналған сорғыларды, есту аппараттарын, электр жылыту жастықшаларын, медициналық қолғаптарды, тамызғышқа арналған жүйелерді, қан қысымын (жүрек соғу жиілігін) және температураны өлшеуге арналған аспаптарды, импульстік оксиметрлерді, белгілі бір кезең ішінде электрокардиограмманы тіркеудің әртүрлі портативті аспаптарын (холтерлерді және т. б.), оттегі-тыныс алу аппаратурасын (маскаларды, оттегі жастықтарын қоса алғанда), мобильді диализ аспаптарын, үй жағдайында ауыр науқастарға қызмет көрсетуге арналған автоинъекторларды, жылжымалы қол жуғыштарды, калоқабылдағыштарды, шприцтерді, сүт сорғыларын, мүгедектер арбаларын, каталкаларды, ортопедиялық (балдақтарды қоса алғанда) құрылғыларды, стерилизаторларды, респираторларды, хирургиялық белдіктер мен бандаждарды, жарық терапиясына арналған портативті электромассажерлерді, портативті жабдықтарды (жергілікті қолдануға арналған рефлекторларды, ультракүлгін бактерицидті сәулелендіргіштерді), лазерлік, ультрадыбыстық және магниттік терапияға арналған портативті аппараттарды қоса алғанда).".

      6. 16-тармақтағы "шаштараз" деген сөз "сұлулық салондары мен спа-да қолдануға арналған жиһаз, шаштараз" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. Мынадай мазмұндағы 21 – 30-тармақтармен толықтырылсын:

      "21. ЕАЭО СЭҚ ТН 23 тобының позицияларында сыныпталатын тамақ өнеркәсібінің қалдықтары мен шығарындылары (мал азығын қоспағанда).

      22. ЕАЭО СЭҚ ТН 26 тобының позицияларында сыныпталатын рудалар, қож және күл.

      23. ЕАЭО СЭҚ ТН 28 тобының позицияларында сыныпталатын бейорганикалық химия өнімдері, бейорганикалық немесе органикалық қымбат бағалы металдардың, сирек жер металдарының, радиоактивті элементтердің немесе изотоптардың қосылыстары.

      24. ЕАЭО СЭҚ ТН 29 тобының позицияларында жіктелетін органикалық химиялық қосылыстар.

      25. ЕАЭО СЭҚ ТН 9508 тауар позициясында жіктелетін карусельдер, әткеншектер, тирлер және басқа да аттракциондар, жылжымалы цирктер және жылжымалы хайуанаттар бақтары, жылжымалы театрлар.

      26. ЕАЭО СЭҚ ТН 9618 00 000 0 тауар позициясында жіктелетін тігіншілерге арналған манекендер және өзге де манекендер, автомат-манекендер және витриналарды ресімдеуге арналған жылжымалы заттар.

      27. ЕАЭО СЭҚ ТН 36 тобының позицияларында жіктелетін жарылғыш заттар, пиротехникалық бұйымдар, пирофор қорытпалары, кейбір жанғыш заттар (сіріңкелерді қоспағанда).

      28. ЕАЭО СЭҚ ТН 3901 – 3914 00 000 0 тауар позицияларында жіктелетін бастапқы нысандағы пластмассалар.

      29. Тауарларға тауар белгісін қондыруға арнайы арналған кез келген материалдардан жасалған қалыптар, престер, матрицалар.

      30. Бөлшектелген түрде әкелінетін, бірақ салмағы жапсырмаларда, буып-түю парақтарында, бұйымдардың паспорттарында, кепілдік талондарында, өзге де құжаттарда көрсетілген салмаққа сәйкес келмейтін және кедендік баждарды, салықтарды төлемей жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелудің салмақтық нормасынан асатын, бір қарағанда дайын өнімнің түрін білдіретін тұрмыстық техника.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады