Кеден одағының "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 005/2011) техникалық регламентіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 61 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 769 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 005/2011) техникалық регламентіне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан
В. Григорян

Беларусь
Республикасынан
И. Петришенко

Қазақстан
Республикасынан
С. Жұманғарин

Қырғыз
Республикасынан
А. Касымалиев

Ресей
Федерациясынан
А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2024 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 61 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағының "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 005/2011) техникалық регламентіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Мәтін бойынша "Кеден одағының" деген сөздер "Одақтың"деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Кіріспе алып тасталсын.

      3. 1-баптың 1-тармағындағы "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі-Одақ)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 2-бапта:

      а) бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы техникалық регламентті қолдану мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша), Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 44 шешімімен бекітілген сәйкестікті бағалаудың үлгілік схемаларында белгіленген ұғымдар, сондай-ақ мынаны білдіретін ұғымдар қолданылады:";

      б) үшінші және төртінші абзацтар алып тасталсын.

      5. 3 және 4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Одақ нарығындағы айналым ережелері

      1. Буып-түю (тығындау құралдары) осы техникалық регламенттің талаптарына, сондай-ақ оған қолданылатын Одақтың (Кеден одағының) басқа да техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келген кезде Одақтың кедендік аумағына айналымға шығарылады.

      2. Осы техникалық регламенттің талаптарына, сондай-ақ оған қолданылатын Одақтың (Кеден одағының) басқа да техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келетін, әрекеті өзіне қолданылатын сәйкестікті бағалау рәсімінен өткен буып-түю (тығындау құралдары) Одақ нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалануы тиіс.

4-бап. Қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету

      1. Қаптаманың (тығындау құралдарының) осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі оның талаптарын тікелей орындаумен не халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбесіне енгізілген стандарттар талаптарын, ал олар болмаған жағдайда – қолдану нәтижесінде осы техникалық регламенттің талаптарын ерікті негізде сақтау қамтамасыз етілетін ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың талаптарын орындаумен қамтамасыз етіледі.

      2. Қаптаманы (тығындау құралдарын) зерттеу (сынау) және өлшеу әдістері халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбесіне енгізілген стандарттарда, ал олар болмаған жағдайда – зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде осы техникалық регламенттің талаптарын орындау және қолдану және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттарда белгіленеді.".

      6. 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Сәйкестікті бағалау

      1. Одақтың кедендік аумағында айналымға шығарар алдында буып-түю (тығындау құралдары) сәйкестікті растау нысанында осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестікті бағалаудан өтуі тиіс.

      Қаптаманың (тығындау құралдарының) осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау осы техникалық регламентте белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, сәйкестікті бағалаудың үлгілік схемаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Қаптаманың (тығындау құралдарының) сәйкестігін растау мынадай схемалардың бірі бойынша сәйкестікті декларациялау нысанында жүзеге асырылады:

      2.1. 3д, 4д, 6д схемалары - буып-түюге арналған қаптамаға (тығындау құралдарына) қатысты:

      балалар тағамын қоса алғанда, тамақ өнімдері;

      оралған өнімдермен тікелей байланысы бар парфюмерлік-косметикалық өнімдер;

      баланың аузымен тікелей жанасатын балалар ассортиментіндегі ойыншықтар мен бұйымдар;

      2.2. 1д және 2д схемалары - осы тармақтың 2.1-тармақшасында көрсетілмеген қаптамаға (тығындау құралдарына) қатысты.

      Әртүрлі материалдарды, типтік мөлшерлерді, қолданылатын материалдардың қалыңдығын теленетін қаптамаға (тығындау құралдарына) қатысты сынақтар қаптама (тығындау құралдары) түрінің ерекшеліктері ескерілетін типтік үлгілерде жүргізілуі мүмкін.

      Пайдаланылуда болған қаптама (тығындау құралдары) оның осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растауға жатпайды.

      3. Осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін декларациялау кезінде Одаққа мүше мемлекеттің аумағында оның заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген:

      сериялы шығарылатын қаптама (тығындау құралдары) үшін - дайындаушы (уәкілетті дайындаушы тұлға);

      қаптама (тығындау құралдары) партиясы үшін-дайындаушы (уәкілетті дайындаушы тұлға), сатушы (импорттаушы) болып табылатын заңды тұлға немесе жеке тұлға өтініш беруші болып табылады:

      4. Өтініш беруші қолданатын сәйкестікті декларациялау схемасына байланысты сәйкестік туралы декларацияны қабылдау үшін негіз қызметін атқарған құжаттар мен мәліметтер жиынтығы мыналарды қамтиды:

      а) сериялық өндірістің буып-түю (тығындау құралдары) үшін (1д, 3д, 6д схемалары):

      қаптаманың (тығындау құралдарының) негізгі параметрлері мен сипаттамаларын қамтитын қаптамаға (тығындау құралдарына) арналған техникалық құжаттаманың (конструкторлық және (немесе) технологиялық құжаттаманың және (немесе) техникалық шарттардың (сипаттамалардың) көшірмесі, сондай-ақ қаптаманың (тығындау құралдарының) осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатындағы оның сипаттамасы;

      егер осы техникалық регламенттің талаптарын сақтау осы техникалық регламенттің 4-бабының 1-тармағында көрсетілген стандарттар тізбесіне енгізілген осы стандарттардың (тұтастай стандарттардың емес) жекелеген бөлімдерін (тармақтарын, тармақшаларын) қолданумен қамтамасыз етілуі мүмкін болса, стандарттардың тізімі (олардың белгілері мен атаулары, сондай-ақ бөлімдері (тармақтары, тармақшалары) көрсетіле отырып (өтініш беруші оларды қолданған жағдайда);

      егер осы техникалық регламенттің 4-бабының 1-тармағында көрсетілген стандарттар тізбесіне енгізілген стандарттар қолданылмаса немесе олар жоқ болса (қажет болған жағдайда), осы техникалық регламенттің талаптарының орындалуын растайтын қабылданған техникалық шешімдер мен тәуекелдерді бағалау нәтижелерінің сипаттамасы;

      осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау және Одақтың кедендік аумағында айналымға қаптаманы (тығындау құралдарын) шығару кезінде дайындаушының атынан іс-қимылдарды жүзеге асыруды көздейтін дайындаушымен (оның ішінде шетелдік дайындаушымен) жасалған шарттың көшірмесі, сондай-ақ қаптаманың (тығындау құралдарының) көрсетілген талаптарға (дайындаушы уәкілеттік берген тұлға үшін) сәйкес келмегені үшін жауаптылық;

      дайындаушы енгізген менеджмент жүйесінің тиісті стандарт талаптарына сәйкестігін растайтын және менеджмент жүйелерін сертификаттау жөніндегі орган берген қаптама (тығындау құралдары) өндірісіне қолданылатын менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификатының көшірмесі (6д схемасы үшін);

      Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу кезінде берілетін өтініш берушінің тіркеу немесе есепке алу (дара, сәйкестендіру) нөмірі туралы мәліметтер;

      сәйкестік туралы декларацияны (бар болса) қабылдау үшін негіз қызметін атқарған өтініш берушінің таңдауы бойынша өзге де құжаттар;

      б) қаптама (тығындау құралдары) партиясы үшін (2д және 4д схемалары):

      келісімшарттың (жеткізу шартының) көшірмесі және қаптаманың (тығындау құралдарының) партиясын сәйкестендіретін тауарға ілеспе құжаттар, оның ішінде оның мөлшері;

      егер осы техникалық регламенттің талаптарын сақтау осы техникалық регламенттің 4-бабының 1-тармағында көрсетілген стандарттар тізбесіне енгізілген осы стандарттардың (тұтастай стандарттардың емес) жекелеген бөлімдерін (тармақтарын, тармақшаларын) қолданумен қамтамасыз етілуі мүмкін болса, стандарттардың тізімі (олардың белгілері мен атаулары, сондай-ақ бөлімдері (тармақтары, тармақшалары) көрсетіле отырып (өтініш беруші оларды қолданған жағдайда);

      Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу кезінде берілетін өтініш берушінің тіркеу немесе есепке алу (дара, сәйкестендіру) нөмірі туралы мәліметтер;

      сәйкестік туралы декларацияны (бар болса) қабылдау үшін негіз қызметін атқарған өтініш берушінің таңдауы бойынша өзге де құжаттар.

      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтер жиынтығы қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде қалыптастырылады.

      6. Дайындаушы қолданылатын сәйкестікті декларациялау схемасына байланысты:

      өндірістік бақылауды жүзеге асырады және өндіріс процесі тұрақты болуы және дайындалатын қаптаманың (тығындау құралдарының) осы техникалық регламенттің (1д, 3д схемалары) талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуі үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды;

      өндірістік бақылауды жүзеге асырады және осы техникалық регламенттің (6д схемасы) талаптарына сәйкес келетін қаптаманы (тығындау құралдарын) дайындау үшін енгізілген және сертификатталған менеджмент жүйесінің жұмыс істеуінің және өндіріс жағдайларының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды.

      7. Өтініш беруші қолданылатын сәйкестікті декларациялау схемасына байланысты:

      осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтер жиынтығын қалыптастырады және оларға талдау жүргізеді;

      қаптаманың (тығындау құралдарының) үлгілерін (типтік үлгілерін) сәйкестендіруді және іріктеуді жүргізуді қамтамасыз етеді;

      өтініш берушінің таңдауы бойынша аккредиттелген сынақ зертханасында (орталығында) (1д, 2д, 3д, 4д және 6д схемалары үшін) немесе дайындаушының жеке сынақ зертханасында (1д және 2д схемалары үшін) қаптаманың (тығындау құралдарының) іріктелген үлгілеріне (типтік үлгілеріне) зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер жүргізуді қамтамасыз етеді;

      бірыңғай нысан және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 293 шешімімен бекітілген қағидалар бойынша қаптаманың (тығындау құралдарының) осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі туралы декларацияны қабылдайды және оны тіркейді (қаптаманы (тығындау құралдарын) зерттеулердің (сынақтардың) және өлшеулердің хаттамасы (хаттамалары) бекітілген сәттен бастап 1 жылдан аспайтын мерзім өткен жағдайда);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 711 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісін қолдану тәртібіне және осы техникалық регламенттің 8-бабына сәйкес қаптаманы (тығындау құралдарын) өнімнің Одақ нарығындағы айналымының бірыңғай белгісімен таңбалауды қамтамасыз етеді;

      қаптаманың (тығындау құралдарының) осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растайтын дәлелдемелік материалдар жиынтығын қалыптастырады және сақтайды, оған мыналар кіреді:

      осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтер;

      қаптаманы (тығындау құралдарын) зерттеу (сынау) және өлшеу хаттамалары;

      тіркелген сәйкестік туралы декларация.

      8. Сәйкестік туралы декларация бірдей конструкциясы бар және бірдей қауіпсіздік талаптарына жауап беретін бір материалдардан дайындалған қаптаманың (тығындау құралдарының) нақты атауына немесе қаптаманың (тығындау құралдарының) тобына ресімделеді.

      9.  Сәйкестік туралы декларацияны тіркеу Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 41 шешімімен бекітілген Өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі туралы декларацияларды тіркеу, қолданылуын тоқтата тұру, жаңғырту және тоқтату тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Сәйкестік туралы декларацияның қолданылу мерзімі:

      сериялы шығарылатын қаптамаға (тығындау құралдарына) 5 жылдан аспайды;

      қаптама (тығындау құралдары) партиясына белгіленбейді.

      Қаптама (тығындау құралдары) партиясының сәйкестігі туралы декларация тек белгілі бір партияға қатысты қаптамаға (тығындау құралдарына) қатысты қолданылады.

      11. Өтініш берушінің қалауы бойынша 1д және 2д схемалары бойынша сәйкестікті декларациялау 3д, 4д, 6д схемалары бойынша сәйкестікті декларациялаумен ауыстырылуы мүмкін.

      12.  Өтініш берушінің сәйкестік туралы декларацияны және дәлелдемелік материалдар жиынтығын сақтау мерзімі:

      сериялы шығарылатын қаптамаға (тығындау құралдарына) – мұндай қаптама (тығындау құралдары) өндірістен шығарылған (өндіріс тоқтатылған) күннен бастап кемінде 10 жылды;

      қаптама (тығындау құралдары) партиясына-партиядан соңғы бұйым сатылған күннен бастап кемінде 10 жылды құрайды.

      Өтініш пен сәйкестік туралы тіркелген декларацияның көшірмелерін және дәлелдемелік материалдар жиынтығын Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес электрондық түрде сақтауға жол беріледі.

      13. Уәкілетті органның (сертификаттау жөніндегі органның) сәйкестік туралы декларацияның және дәлелдемелік материалдар жиынтығының көшірмелерін сақтау мерзімі:

      егер сәйкестік туралы декларацияның қолданылу мерзімі шектелген болса, ол аяқталған күннен бастап кемінде 5 жылды;

      егер сәйкестік туралы декларацияның қолданылу мерзімі шектелмесе, ол тіркелген күннен бастап кемінде 10 жылды құрайды.

      Өтініш пен сәйкестік туралы тіркелген декларацияның көшірмелерін және дәлелдемелік материалдар жиынтығын Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес электрондық түрде сақтауға жол беріледі.".

      7. 8-бапта:

      а) атауындағы және мәтіні бойынша "Кеден одағына мүше мемлекеттердің" деген сөздер "Одақтың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      б) 1-тармақтағы "растау" деген сөз "бағалау" деген сөзбен ауыстырылсын;

      в) 2-тармақтағы "импорттаушы" деген сөз "сатушы (импорттаушы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      г) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қаптама (тығындау құралдары) күші оған қолданылмайтын және өнімнің Одақ нарығындағы айналымына бірыңғай белгі салуды көздейтін Одақтың (Кеден одағының) барлық техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келген кезде ол өнімнің Одақ нарығындағы айналымының бірыңғай белгісімен таңбаланады.".

      8. 9-баптың күші жойылды деп танылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады