2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 30-бабына, 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің 4, 7, 8 және 10-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы №12 өкіміне сәйкес, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер халқының өмірі мен денсаулығын қорғау, Одақ шеңберінде дәрілік заттардың үздіксіз айналысын қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттар айналысының ерекшеліктерін белгілеу жөніндегі уақытша шаралар туралы" шешімінің 1-тармағының "а" тармақшасындағы "2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
