2019 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімнің 14-бабын іске асыру мақсатында, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 154-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы" 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 1-тармақтың бірінші абзацындағы "2024 жылғы 30 маусым" деген сөздер "2024 жылғы 31 желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 3-тармақтың үшінші абзацындағы "2024 жылғы 30 маусым" деген сөздер "2024 жылғы 31 желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
