Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 52 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 98 "Еуразиялық экономикалық одақтың алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы техникалық регламенті туралы" шешімінің 2-тармағындағы "2024 жылғы 1 шілдеден бастап" деген сөздер "2025 жылғы 1 шілдеден бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 98 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 146 шешімінің 2-тармағының "а" және "б" тармақшаларындағы "4 ай" деген сөздер "10 ай" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Еуразиялық экономикалық одақтың "алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 047/2018) күшіне енгенге дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында алкоголь өнімін айналымға шығару Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына немесе Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 53-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның актілеріне сәйкес жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан
М. Григорян

Беларусь
Республикасынан
И. Петришенко

Қазақстан
Республикасынан
С. Жұманғарин

Қырғыз
Республикасынан
А. Қасымалиев

Ресей
Федерациясынан
А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады