Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы 2019 жылғы 19 желтоқсандағы Келісімнің 3 бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. 2029 жылға бекітілсін:
Еуразиялық экономикалық Одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 2402 20 субпозициясында жіктелетін темекіге акциздердің ұлттық валютадағы 1000 дана үшін 45 еуроға баламалы мөлшердегі бірыңғай индикативтік мөлшерлемесінің мөлшері;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қолданылатын акциздердің нақты мөлшерлемелерінің осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген индикативтік мөлшерлемеден 20 пайыздан төмен немесе үлкен жаққа аспайтын мөлшерде ауытқу диапазондары.
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
