Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 52-бабына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына және № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
2. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 60 шешімімен қабылданған "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне (КО 031/2012 ТП) 5-қосымшаның 14-тармағының 14.1-тармақшасында:
а) үшінші және төртінші абзацтар мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:
"E2 қуат диапазоны бар қозғалтқыштар үшін – 2024 жылдың 31 қаңтарына дейін;
D, G қуат диапазоны бар қозғалтқыштар үшін – 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін;
E1, F қуат диапазоны бар қозғалтқыштар үшін – 2025 жылдың 1 қазанына дейін;
К, J қуат диапазоны бар қозғалтқыштар үшін – 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап;
I, Н қуат диапазоны бар қозғалтқыштар үшін– 2025 жылдың 1 қазанынан бастап";
б) 5.1-кестеден кейін абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақшаның алтыншы және жетінші абзацтарында көзделген талаптарды мерзімінен бұрын қолдануға жол беріледі.".
Қозғалтқыштардың және (немесе) тракторлардың "ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне 5 – қосымшаның 14-тармағының 14.1-тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын сәйкестік сертификаттарының (ТП КО 031/2012) қолданылу мерзімі – 2027 жылғы 31 наурызды қоса алғанға дейін белгіленсін.
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2024 жылғы 31 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
