Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 1 қосымшаның 27-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 526 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде өзіне қатысты міндетті талаптар белгіленетін өнімнің бірыңғай тізбесі мынадай мазмұндағы 68-тармақпен толықтырылсын:
"68. "Спорттық, дене шынықтыру-сауықтыру жабдықтары мен мүкәммалдары (футболға, мини-футболға, гандболға, хоккейге арналған қақпалар, стендтік ату және спортингке арналған нысаналар, гимнастикалық жабдықтар мен мүкәммал (аралас асимметриялық параллель арқалықтар, параллель арқалықтар, арқалықтар, тірек секіруге арналған гимнастикалық құрылғылар, бөренелер, батуттар, сақиналар, Швед қабырғалары, торлы баспалдақтар, өрмелеуге арналған рамалық құрылымдар, арқандар, гимнастикалық үстелдер,гимнастикалық орындықтар, гимнастикалық төсеніштер, акробатикалық жолдар))".
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
