Кеден одағы комиссиясының құрақ шикі-қантқа қатысты кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 11 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 43 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16-тармағына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 1 қосымша), Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне тіркелген № 1 қосымшаның 7 және 16-тармақтарына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссиясы шешті:

      1. Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 "Еуразиялық экономикалық одақты бірыңғай кедендік тарифтік реттеу туралы" шешімінің 7-тармағы мынадай мазмұндағы 7.1.67-тармақшамен толықтырылсын:

      "7.1.67. Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік өңдеуге арналған және Қазақстан Республикасына 300 мың тоннадан аспайтын көлемде әкелінетін ЕАЭО СЭҚ ТН 1701 13 және 1701 14 субпозицияларындағы құрақ шикі-қантқа Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген және әкелінетін тауардың нысаналы мақсаты, оның саны және осындай тауарды әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ оны өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын құжат болған кезде (тиісті мәліметтер болған кезде).

      Осы тармақшаға сәйкес тарифтік жеңілдікті қолдана отырып, ішкі нарықта тұтынуға арнлаған шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылған құрақ шикі-қантты пайдалануға оның нысаналы мақсатына сәйкес қана жол беріледі. Осы тармақшада көзделген құрақ шикі-қанттың тарифтік жеңілдігін қолдана отырып әкелінген өнеркәсіптік өңдеу нәтижесінде алынған ақ қант Қазақстан Республикасының аумағында ғана пайдаланылуы және (немесе) сатылуы мүмкін және өзге мүше мемлекеттерге әкетуге болмайды.

      Осы тармақшада көзделген тарифтік жеңілдікті қолдана отырып, ішкі нарықта тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған құрақ шикі-қантын пайдалану және (немесе) оған билік ету жөніндегі шектеулер, құрақ шикі-қантты өнеркәсіптік қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымның қоймасына түскен сәтке дейін әрекет етеді, бірақ ішкі нарықта тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес мұндай тауар шығарылған күннен бастап 1 жылдан аспайды. Ұйымның қоймасына тауардың түскенін растайтын құжат осындай тауарды қабылдау актісінің немесе қабылдау-беру актісінің көшірмесі болып табылады.

      Осы тармақшада көзделген тарифтік жеңілдік ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты беріледі, ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығарылған жағдайда – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 11 шешімі күшіне енген күннен бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының кеден органы тіркеді. "

      2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 шешімімен бекітілген Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде кедендік баждарды төлеуден босатуды қолдану тәртібінің 15-тармағында "7.1.66" деген сандар "7.1.67" деген сандармен ауыстырылсын.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

М. Григорян И. Петришенко С. Жұманғарин А. Касымалиев А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады