Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 153 шешімі

      2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралы шассиінің паспорты) және өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйесін ұйымдастыру туралы келісімнің 3-бабының бірінші абзацына және 4-бабының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1.  Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 112 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және көлік құралдарын, көлік құралдарының (көлік құралдарының шассилерін) паспорттарын (электрондық паспорттарын)ресімдеуді жүзеге асыратын өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерін дайындаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібінің 5-тармағының "г" тармақшасында және 7-тармағының "в" тармақшасында "2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 122 шешімімен бекітілген көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) жүйелерінің және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарының жұмыс істеу тәртібінің 21-тармағының "а" тармақшасының екінші абзацында "2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3.  Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады