Қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеу (сынақ) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық регламент объектілерінің сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 26 қарашадағы № 133 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне тіркелген № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1. Қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеу (сынақ) және өлшем қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық регламент объектілерінің сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға қосымшаға сәйкес өзгертулер енгізілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссиясы алқасының
2024 жылғы 26 қарашадағы
№ 133 шешіміне
ҚОСЫМША

Қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеу (сынақ) және өлшем қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық регламент объектілерінің сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 20, 28, 33, 34, 36 – 42, 44 – 46 және 48 позициялар алып тасталсын.

      2. Мынадай мазмұндағы 63 – 65-позициялармен толықтырылсын:

      "

63

71.100.40
07.100.40

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Микробиология. Микробиологиялық көрсеткіштерді анықтау стандарттарында қолданылатын қоректік орталардың сапасын бақылау. ISO 4973:2023 негізінде МемСТ әзірлеу

5-баптың 4, 7-тармақтары

2025 жыл

2027 жыл

Беларусь Республикасы

64

71.100.70
55.020

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Өніммен жанасатын қаптамаға қойылатын талаптар. 34652-2020 МемСТ қайта қарау

5-баптың 8-тармағы

2024 жыл

2026 жыл

Ресей Федерациясы

65

97.200.50

Ойыншықтар. Қауіпсіздік талаптары. 13-бөлім. Иіс сезуін дамытуға арналған үстел ойындары, парфюмерлік-косметикалық өнімдерді жасауға арналған жиынтықтар және дәм ойындары. EN 71-13:2021+A1:2022 негізінде EN 71-13-2018 МемСТ қайта қарау.

5-баптың 2-9-тармақтары

2025 жыл

2027 жыл

Беларусь Республикасы

      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады