Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін құйма алюминий дөңгелекті дискілеріне қатысты демпингке қарсы шараның қолданысын ұзарту және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 23 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 19 қарашадағы № 128 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың 109-тармағына сәйкес (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 8 қосымша) және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 26 наурыздағы № 43 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты жүргізілген демпингке қарсы қайта тергеу нәтижелері бойынша дайындалған Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 26 наурыздағы № 43 шешімімен белгіленген, Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және ЕАЭО СЭҚ ТН 8708 70 500 9 кодымен сыныптадатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін құйма алюминий дөңгелекті дискілеріне қатысты демпингке қарсы шараның қолданылуы 2029 жылғы 18 қарашаны қоса алғанға дейін ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары:

      Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 26 наурыздағы № 43 шешімінде көзделген мөлшерде демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін;

      алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 23 шешіміне сәйкес төленген (өндіріп алынған) демпингке қарсы баж сомаларын демпингке қарсы бажға және ол төленген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (алынған) уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке жатқызуды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2024 жылғы 19 наурыздағы "Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін құйма алюминий дөңгелекті дискілеріне қатысты демпингке қарсы шараның қолданысын ұзарту туралы" № 23 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және ЕАЭО СЭҚ ТН 8708 70 500 1 кодымен сыныпталатын құйма алюминий дөңгелекті дискілерін жеткізу мониторингін жүзеге асырсын және көрсетілген жеткізілімдердің көлемі едәуір ұлғайған немесе демпингке қарсы шараны айналып өту фактілері анықталған жағдайда тиісті қайта тергеу басталған күннен бастап 6 ай ішінде ЕАЭО СЭҚ ТН 8708 70 500 1 коды бойынша жеткізілімдерге демпингке қарсы шараның қолданылуын тарату туралы мәселені Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының қарауына шығаруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады