Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 22 бабы 1 тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқасы шешті:
1. Сұйық қауіпті емес жүктерді тасымалдауға арналған, бірнеше қабаттардан тұратын (сыртқы қабығы полипропилен мата, ішкі қабаты дәнекерленген полиэтилен пленкасының бірнеше қабатынан тұрады), төгу-құю және ауа ағызу арматурасымен жабдықталған икемді сыйымдылық түріндегі бір реттік бұйым болып табылатын Флекситанк, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі қағидаларына сәйкес 1 және 3 (б) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасының 3923 тауар позициясында жіктеледі.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
