Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 22 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелерін және мүше мемлекеттердің ішкі газ нарықтарының жұмыс істеу және даму ерекшеліктерін қоса алғанда, мүше мемлекеттердің экономикалық мүдделерін ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) газдағы экономикаларының қажеттіліктерін және оны жеткізудің сенімділігін қамтамасыз ету қажеттілігін назарға ала отырып. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі шешті:

      1. Одақтың ортақ газ нарығы, мүше мемлекеттердің заңнамасын және мүше мемлекеттердің арасындағы халықаралық шарттарды ескере отырып қалыптастырылған, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша газ саласындағы мүше мемлекеттердің арасындағы өзара қатынастардың қалыптасқан жүйесі ретінде айқындалсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп Одақтың ортақ газ нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспарының жобасын дайындасын және оны Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 31 мамырдағы "Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру тұжырымдамасы туралы" № 7 шешіміне және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы "Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы" № 18 шешіміне тиісті өзгерістерді енгізу туралы ұсыныстармен бірге 2026 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына ұсынсын.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады