Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жоспарына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 18 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 21 қосымша) 42-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №31 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жоспарына қосымшаға сәйкес өзгеріс енгізілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2024 жылғы 26 желтоқсандағы
№18 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жоспарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      Мынадай мазмұндағы 21-23-тармақтармен толықтырылсын:

"21. Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 21 қосымша) 8-тармағында көзделген қағидаларға (бұдан әрі-ақпарат алмасу қағидалары) сәйкес функцияларды атқаратын мүше мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тараптарын айқындау

мүше- мемлекеттер

-

2025 жылғы 1 маусымға дейін

22. "Интернет" ақпараттық телекоммуникациялық желісіндегі тіркеушінің сайтында олардың жеке кабинеттеріне қол жеткізу үшін Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы субъектілерін аутентификациялау тәсілдерін ақпараттық алмасу қағидаларында айқындалған ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық технологиялар саласындағы мүше мемлекеттердің тиісті уәкілетті органдарының әзірлеуі және келісуі

мүше- мемлекеттер

-

2025 жылғы 1 маусымға дейін

23. Мүше мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тараптарының ақпарат алмасу қағидаларында көзделген функцияларды атқаруға техникалық дайындығын қамтамасыз ету

мүше- мемлекеттер


2026 жылғы 1 қаңтарға дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады