Бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер, екінші жағынан Моңғолия арасында уақытша сауда келісімін жасау бойынша Моңғолиямен келіссөздердің басталуы туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2024 жылғы 8 мамырдағы № 3 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабының негізінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер, екінші жағынан Моңғолия арасында уақытша сауда келісімін жасау бойынша Моңғолиямен келіссөздерді бастайды.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесі осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген келіссөздер жөніндегі директиваларды бекітсін.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады