Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 86 – бабы 2-тармағының 5-тармақшасын іске асыру мақсатында "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теңіздегі өткізу пункттерінде электрондық құжат айналымын дамыту тұжырымдамасы туралы" Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 1 шешімінің 2-тармағының "б" тармақшасын орындау мақсатында, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теңіздегі өткізу пункттерінде электрондық құжат айналымын дамытудың бірінші кезеңінің нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теңіздегі өткізу пункттерінде электрондық құжат айналымын дамыту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссиясы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теңіздегі өткізу пункттерінде электрондық құжат айналымын дамытудың екінші кезеңінің нәтижелері туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңесті 2026 жылғы бірінші жартыжылдықта хабардар етсін.
3. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
