Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2023 жылғы 3 ақпандағы № 5 өкімінің 2-тармағындағы екінші абзацы бөлігін орындау барысында, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2022 жылғы 21 қазандағы № 2 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытудың 2027 жылға дейінгі нысаналы бағдарламасының 12-тармағында баяндалған қағидаттарға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытуды ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссияның "Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін және цифрлық күн тәртібін одан әрі дамыту туралы" Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2023 жылғы 3 ақпандағы № 5 өкімін іске асыру барысы туралы" баяндамасын назарға ала отырып:
1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп 2023 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде:
a) Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта көзделген ынтымақтастық салаларын цифрлық трансформациялау тәсілдерін әзірлеу;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберіндегі бастамаларды пысықтау басымдықтарын Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі базасында инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын ("жол картасын") дайындау (Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 11 қазандағы № 12 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттарына қосымша);
в) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде цифрлық күн тәртібін іске асыруда Еуразиялық үкіметаралық кеңеске жаңа тәсілдер ұсынылсын.
2. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
