2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ш е ш т і:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 11 шешімімен бекітілген Қырғыз Республикасында Кеден одағының техникалық регламенттерін қолданысқа енгізу тәртібінің IV бөліміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) екінші абзацтағы "2023 жылғы 12 тамызға" деген сөздер "2025 жылғы 12 тамызға" деген сөздермен, "2025 жылғы 1 қаңтарға" деген сөздер "2027 жылғы 1 қаңтарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) үшінші абзацтағы "2023 жылғы 12 тамызға" деген сөздер "2025 жылғы 12 тамызға" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) төртінші абзацтағы "2025 жылғы 1 қаңтарға" деген сөздер "2027 жылғы 1 қаңтарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) алтыншы абзацтағы "2024 жылғы 12 тамызға" деген сөздер "2026 жылғы 12 тамызға" деген сөздермен, "2023 жылғы 12 тамызға" деген сөздер "2025 жылғы 1 тамызға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2. Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінен:
осы Шешім күшіне енгізілген күннен бастап уәкілетті органдардың айналымға шығарылған өнімге Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылауды жүзеге асыруын қамтамасыз ету;
Қырғыз Республикасының мұнай өңдеу кәсіпорындарын Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 826 шешімімен қабылданған "Автомобиль және авиациялық бензинге, дизельдік және кеме отынына, реактивті двигательдер мен мазуттарға қойылатын талаптар туралы (КО ТР 013/2011)" Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келетін автомобиль бензині мен дизельдік отынды айналысқа шығаруға көшіруді көздейтін іс-шаралар кешенін 2025 жылғы 12 тамызға дейін қамтамасыз ету сұралсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
В. Назаренко |
