Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне тіркелген № 1 қосымшаға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 4 шешімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне тіркелген № 1 қосымшаға мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) мынадай мазмұндағы 124-тармақпен толықтырылсын:

      "124. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер оларға қатысты жекелеген реттеу шаралары қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығу тегін айқындау қағидаларын бекіту.

      б) 23-тармақ алып тасталсын.

      2. Осы шешім 1-тармақтың "а" тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Осы шешімнің 1-тармағының "а" тармақшасы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығу тегін айқындаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісім күшіне енген күнінен бастап күшіне енеді.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады