Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 12-бабы 2-тармағының 6-тармақшасына және 20-бабына сәйкес және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде Еуразиялық экономикалық одақ бюджетінің қаражаты есебінен қаржылық жәрдем көрсету мақсатында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы № 78 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бюджеті туралы ережеге қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы шешім 2023 жылғы 25 мамырда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде Еуразиялық экономикалық одақ бюджетінің қаражаты есебінен қаржылық жәрдем көрсету бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
| Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №17 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың бюджеті туралы ережеге енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 2 - тармақтың жиырмасыншы абзацы "Одақтың бюджеті" деген сөздерден кейін ", Одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық көмек көрсетуге арналған шығындарды қоса алғанда, " деген сөздермен толықтырылсын.
2. 9- тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық көмек көрсету.".
3. 18-тармақтың екінші абзацы "қызмет көрсету" деген сөздерден кейін "мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық көмек көрсету тәртібі" деген сөздермен толықтырылсын.
4. 31-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық көмек көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыруды Комиссия Ресей Федерациясының валютасында – Ресей рублінде – Одақ бюджетінің шығындары бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін Комиссияның шоттарынан жүзеге асырады.
5. 32-тармақта:
бірінші абзац "төлемақыны" деген сөзден кейін "мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық көмек көрсету" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық көмек көрсетуге көзделген Одақ бюджетінің қаражаты көрсетілген мақсаттарға ғана пайдаланылады және Одақ бюджетінде көзделген шығыстардың басқа баптарын қаржыландыруға қайта бөлуге болмайды.".
6. 35-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Одақ органдарының шоттарында кезекті қаржылық жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қалыптасқан, мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық көмек көрсетуге көзделген бюджет қаражатының қалдықтары мақсатты сипатын сақтайды және кейіннен көрсетілген операцияларды бюджеттік есептілікте көрсете отырып, кезекті қаржылық жылда Комиссияның кезекті қаржылық жылына арналған бюджетінде көзделген шығындардан тыс қосымша қаржыландыру ретінде пайдаланылады.".
