Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі тосқауылдарды жоюы жөніндегі жұмыстың барысы туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2022 жылғы 21 қазандағы № 24 Өкімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою жұмыстарының нәтижелері туралы" 2022 жылғы 27 мамырдағы № 2 өкімін іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия дайындаған анықтамалық-талдамалық ақпаратты назарға ала отырып:

      1.  Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері 2023 жылғы І тоқсан ішінде осы өкім күшіне енген күнге Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында https://barriers.eaeunion.org/ru-ru/Pages/obstacles.aspx адресі бойынша орналастырылған кедергілер тізіліміне енгізілген Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі тосқауылдарды жоюды қамтамасыз етсін.

      2. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады