Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2022 жылғы 26 тамыздағы № 18 Өкімі

      Еуразиялық экономикалық одақта өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру тетіктерін құру және енгізу жөніндегі жұмыс барысы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның баяндамасын назарға ала отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік кооперациялық жобаларды қаржыландыру көздері мен тетіктеріне қатысты ұсыныстарды дайындасын және 2022 жылғы IV тоқсанда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына ұсынсын.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады