Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманың 4-тармағының 5-тармақшасына сәйкес (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №14 қосымша) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022 жылға және 2023 – 2025 жылдар кезеңіне арналған ресми болжамдарын дайындау үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің аралық сандық мәндері бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
