2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Мынадай:
а) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 45 шешіммен қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінде (ЕАЭО ТР 044/2017) белгіленген міндетті талаптарға сәйкес оған қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 97 шешімімен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 45 шешіміне өзгерістер енгізілген емдік-асханалық табиғи минералды су мен емдік табиғи минералды суды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндіруге және айналысқа шығаруға қоса алғанда 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін жол беріледі;
б) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген өнімнің айналысына дайындаушы белгілейтін жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі деп белгіленсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
