2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 12 өкімін іске асыру және мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикаларының орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкалары белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 58С және 59С ескертпелерімен толықтырылсын:
"58С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 22 наурыздағы № 44 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2025 жылғы 30 сәуірге дейінгі аралықта қолданылады.
"59С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 22 наурыздағы № 44 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2023 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі аралықта қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 22 наурыздағы № 44 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен не еуромен, не АҚШ долларымен) |
1803 10 000 0 | -- майсызданбаған | 358С) |
1804 00 000 0 | Какао-май, какао-тоңмай | 558С) |
7401 00 000 0 | Мысты штейн; цементтеуші мыс (тұндырылған мыс) | 559С) |
