2019 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімнің 17-бабы 1-тармағының 2-тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған 2019 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімді іске асырған кездегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары мен (немесе) ұйымдарының және Еуразиялық экономикалық комиссияның өзара іс-қимыл жасасу тәртібі бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы міндетін уақытша атқарушы |
В. Назаренко |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 72 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
2019 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді іске асырған кездегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары мен (немесе) ұйымдарының және Еуразиялық экономикалық комиссияның өзара іс-қимыл жасасу ТӘРТІБІ
1. Осы Тәртіп 2019 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) іске асырған кездегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) мемлекеттік билік органдары мен (немесе) ұйымдарының және Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) өзара іс-қимыл жасасуының жекелеген мәселелерін реттейді.
2. Келісімнің орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін Комиссия Келісімнің 13-бабы 1-тармағына сәйкес айқындалған мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары мен ұйымдарынан Келісімнің іске асырылуы туралы ақпаратты сұратуға құқылы.
Мүше мемлекеттердің көрсетілген органдары мен ұйымдары сауалды алған күннен бастап, күнтізбелік 30 күн ішінде Комиссияның атына сұралып отырған ақпаратты жібереді.
3. Мүше мемлекеттердің заңнамасында Келісімнің 8-бабы 3-тармағының 4-тармақшасында көрсетілген адамды оларға қатысты иелену, пайдалану және билік ету құқығы берілген тауарлар туралы мәліметтердің ұлттық қадағалап отыру жүйесіне келіп түскені туралы хабардар ету көзделуі мүмкін.
4. Келісімнің 13-бабы 1-тармағына сәйкес айқындалған мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары мен (немесе) ұйымдарының мәліметтермен алмасу кезіндегі өзара іс-қимыл жасасуы мынадай ерекшеліктерді ескере отырып, жүзеге асырылады:
а) Келісімнің 8-бабы 3-тармағында көрсетілген мәліметтер әрбір ілеспе құжатқа қатысты жеке электрондық хабарлама түрінде электрондық түрде жіберіледі;
б) Келісімнің 8-бабында көзделген мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының арасында мәліметтермен алмасу орыс тілінде жүзеге асырылады. Егер Келісімнің 5-бабы 1-тармағында аталған құжаттарда латын әліпбиі әріптерін қолдана отырып, шетелдік тұлғалар атауларының, тауарлардың, көлік құралдарының, елдер кодтарының және т.б. жазылуы кездессе, онда жіберілетін мәліметтерде латын әліпбиінің әріптері болуы мүмкін;
в) жіберілген мәліметтер өзгерген кезде аумағынан қадағаланып отырылуы тиіс тауарлардың орны ауыстырылатын мүше мемлекеттің уәкілетті органы мәліметтерді алушы мүше мемлекеттердің ұлттық қадағалап отыру жүйелеріне өзгертілген мәліметтерді жібереді.
Жіберілген мәліметтерді өзгерту мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Жіберілген мәліметтер бұрын жіберілген мәліметтерді жоймай, дұрысталған мәліметтерді жіберу арқылы бұрын жіберілген мәліметтерді дұрыстау арқылы немесе түзетілген мәліметтерді жіберу және бұрын жіберілген мәліметтерді жою арқылы бұрын жіберілген мәліметтерді түзету арқылы өзгертіле алады. Сондай-ақ жаңа мәліметтерді жібермей, бұрын жіберілген мәліметтерді жою арқылы оларды кері қайтару орын алуы мүмкін.
