Қайырмасы бұрылатын және бұрылмайтын, қуаты 250 ат күшіне дейінгі, Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін шынжыр табанды бульдозерлерге қатысты демпингке қарсы шараның қолданылуын ұзарту және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 3 қарашадағы № 142 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 68 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қары және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 148 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты жүргізілген қайтадан тергеп-тексеру нәтижелері бойынша дайындалған Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті баяндамасының негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, қайырмасы бұрылатын және бұрылмайтын, қуаты 250 ат күшіне дейінгі, Қытай Халық Республикасынан шығарылатын шынжыр табанды бульдозерлерге қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 148 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі қоса алғанда 2026 жылғы 28 маусым аралығына ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласында уәкілетті мемлекеттік органдары:

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 148 шешімінде көзделген мөлшерлерде демпингке қарсы бажды өндіріп алуды қамтамасыз етсін;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 3 қарашадағы № 142 шешіміне сәйкес төленген (өндіріп алынған) демпингке қарсы баж сомасын алдын ала демпингке қарсы баждарды өндіріп алу үшін белгіленген тәртіппен демпингке қарсы бажға есепке жатқызудың және ол төленген (өндіріп алынған) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке алынуын қамтамасыз етсін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Қайырмасы бұрылатын және бұрылмайтын, қуаты 250 ат күшіне дейінгі, Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін шынжыр табанды бульдозерлерге қатысты демпингке қарсы шараның қолданылуын ұзарту туралы" 2020 жылғы 3 қарашадағы № 142 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы міндетін
уақытша атқарушы
В. Назаренко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады