Беларусь Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін орындауы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 24 шешімі

      Беларусь Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру еркіндігін қамтамасыз ету бөлігінде орындау мониторингі нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Беларусь Республикасына Көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттаманың ((2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №16 қосымша) 32-тармағының 3 және 4-тармақшаларын Беларусь Республикасының заңнамасында көзделген ассортименттік тізбелерге Беларусь Республикасында өндірілген тауарларды міндетті кірістіру бөлігінде орындау қажеттігі жайында хабар білдірілсін.

      2. Беларусь Республикасы Үкіметінен осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергіні жоюды қамтамасыз ету және қабылданған шаралар туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады