Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне алюминий қорытпаларынан жасалған бұйымдардың жекелеген түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 1 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, 2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің 2.4-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан № 1 қосымшаға сәйкес кіші қосалқы позиция алып тасталсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына № 2 қосымшаға сәйкес кіші қосалқы позициялар қосылсын;

      в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін;

      г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 87С ескертпемен толықтырылсын:

      "87С) Кедендік әкелу бажының кедендік құнның 12 %-і мөлшеріндегі ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 1 шешімі күшіне енген күннен бастап 2023 жылғы 28 ақпанды қоса алғанға дейін қолданылады.".

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 36 шешімімен бекітілген 2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге сәйкес кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылатын жекелеген тауарлардың және осындай ставкалар мөлшерінің тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7606 12 200 9 позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:

"7606 12 200 3

– – – – – қалыңдығы 0,35 мм аспайтын, созылуға төзімділік шегі кемінде 345 МПа, ені кемінде 30 мм, бірақ 2000 мм аспайтын рулондағы

6,7

5,0

3,3

1,7

0

0

0

0

0

0

7606 12 200 8

– – – – – өзге

6,7

5,0

3,3

1,7

0

0

0

0

0

0";

      б) ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7606 12 920 9 позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:

"7606 12 920 3

– – – – – – қалыңдығы 0,4 мм аспайтын, созылуға төзімділік шегі кемінде 262 МПа, ені кемінде 1000 мм, бірақ 2000 мм аспайтын рулондағы

6,7

5,0

3,3

1,7

0

0

0

0

0

0

7606 12  920 8

– – – – – – өзге

6,7

5,0

3,3

1,7

0

0

0

0

0

0".

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 68 шешімімен бекітілген Қырғыз Республикасы өтпелі кезең ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген баждар мөлшерлемелерінен өзгеше кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерін қолданатын тауарлар мен мөлшерлемелердің тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7606 12 920 9 позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:

"7606 12 920 3

– – – – – – қалыңдығы 0,4 мм аспайтын, созылуға төзімділік шегі кемінде 262 МПа, ені кемінде 1000 мм, бірақ 2000 мм аспайтын рулондағы

02

02

02

02

02

02

БКТ ставкасы

7606 12  920 8

– – – – – – өзге

02

02

02

02

02

02

БКТ ставкасы".

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Әзербайжан Республикасынан және Қытай Халық Республикасынан шығатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін алюминий таспасына қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолдану туралы" 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 115 шешімінің 1-тармағындағы "7606 12 200 9 және 7606 12 920 9" деген сөздер "7606 12 200 3, 7606 12 200 8, 7606 12 920 3 және 7606 12 920 8" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кейбір шешімдеріне алюминий қорытпаларынан жасалған бұйымдардың жекелеген түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы шешімі күшіне енген күні күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 12 қаңтардағы
№ 1 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қосымша өлш. бірл.

7606 12 920 9

– – – – – – өзге

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 12 қаңтардағы
№ 1 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына қосылатын КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қосымша өлш. бірл.

7606 12 920 3

– – – – – – қалыңдығы 0,4 мм аспайтын, созылуға төзімділік шегі кемінде 262 МПа, ені кемінде 1000 мм, бірақ 2000 мм аспайтын рулондағы

7606 12 920 8

– – – – – – өзге

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 12 қаңтардағы
№ 1 шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан процентпен не евромен, не АҚШ долларымен)

7606 12 920 3

– – – – – – қалыңдығы 0,4 мм аспайтын, созылуға төзімділік шегі кемінде 262 МПа, ені кемінде 1000 мм, бірақ 2000 мм аспайтын рулондағы

1087С)

7606 12 920 8

– – – – – – өзге

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады