2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 12-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 41-тармағының үшінші абзацына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Жұмыс регламентінің 55-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұсынуы негізінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Тимур Мекешұлы Жақсылықовты тағайындау кезінде айқындалған өкілеттіктердің қалған мерзіміне Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мүшесі болып Руслан Бақытжанұлы Бекетаев тағайындалсын.
2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамы және оның мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу туралы" № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамына Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Руслан Бақытжанұлы Бекетаев енгізіліп, дербес құрамнан Тимур Мекешұлы Жақсылықов шығарылсын.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
