2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 0801 11 000 0 кодымен сыныпталатын кептірілген кокос жаңғақтарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу бажының ставкасы осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін кедендік құннан 0 % мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) төртінші графадағы ЕАЭО СЭҚ ТН 0801 11 000 0 коды бар позиция ескертуге "81С)" сілтемемен толықтырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертулер мынадай мазмұндағы 81С ескертумен толықтырылсын:
"81С) Кедендік әкелу бажының ставкасы кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшерінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 20 қазандағы № 131 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.12.2023 жылға дейін қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
В. Назаренко |
