Еуразиялық экономикалық комиссия бір ғана жеткізушіде орналастыратын тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсету тізбесіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 54 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 29-тармағына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылғы 24 тамыздағы № 69 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия бір ғана жеткізушіде орналастыратын тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсету тізбесі мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі операторларының осы бірыңғай жүйе ресурстарының құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштарды жүргізуі.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

М. Григорян И. Петришенко Ә. Смайылов Ж. Разаков А. Силуанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады