Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 219-бабының 3-тармағына және 221-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 109 шешімімен бекітілген Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуға және пайдалануға кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемей жол берілетін тауарлар санаттарының тізбесі мынадай мазмұндағы тармақпен толықтырылсын:
"6. Әуе кемелерін ұшуға жарамды етіп ұстауға жауапты уәкілетті орган мақұлдаған, жолаушыларды орналастыру схемасында көрсетілген (LORA) 19 адамнан аспайтын орны бар, снарядталған бос ұшақтың массасы 28 000 кг-нан аспайтын азаматтық жолаушылар ұшақтары (ЕАЭО СЭҚ ТН 8802 30 000 2, 8802 40 001 және 8802 40 003 кодтары) бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде:
мұндай ұшақтар шетелдік тұлғалардың меншігінде болады;
мұндай ұшақтар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тұрақты емес (коммерциялық кестеден тыс) ұшуларда пайдаланылады;
мұндай ұшақтар кірістер алу мақсатында пайдаланылмайды;
егер мұндай ұшақтар бұрын уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған болса, соның ішінде бірнеше рет және (немесе) әртүрлі декларанттар орналастырған болса, - ағымдағы күнтізбелік жылы бұл ұшақтардың сол кезеңнің ішінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемей уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болу мерзімі және сол мерзімнің шегінде уақытша кедендік әкелу (рұқсат беру) рәсіміне орналастырылатын ұшақтар ағымдағы күнтізбелік жылы кедендік баждарын, салықтарын төлемей Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуы және пайдаланылуы мүмкін мерзім, жиынтығында күнтізбелік 180 күннен аспайды.
Осындай ұшақтардың кедендік баждарын, салықтарын төлемей уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуының және пайдаланылуының мерзімі – осындай кедендік рәсімге орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 30 күн.
2. Кеден одағы Комиссиясының "Кедендік рәсімдерді қолданудың жекелеген мәселелері туралы" 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 375 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 1-тармақтың 11) тармақшасының күші жойылды деп танылсын;
б) көрсетілген Шешіммен бекітілген оларға қатысты уақытша әкелудің шекті мерзімі Кеден одағының Кеден кодексінде белгіленгендегіден әлдеқайда ұзағырақ болатын тауарларға қатысты тауарлар санаттары тізбесінің 6-тармағында "оларға қатысты уақытша әкелудің шекті мерзімі Кеден одағының Кеден кодексінде белгіленгендегіден әлдеқайда қысқарақ болатын тауарлар санаттарының тізбесіне енгізілген тауарларды қоспағанда" деген сөздер алып тасталсын.
3. Мыналардың:
Кеден одағы Комиссиясының "Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден шартты түрде толық босатыла отырып уақытша әкелінетін тауарлардың тізімін бекіту, сондай-ақ оның шекті мерзімдерін қоса алғанда, осындай босатудың шарттары туралы" 2010 жылғы 18 маусымдағы № 331 шешімімен бекітілген Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден шартты түрде толық босатыла отырып уақытша әкелінетін тауарлар тізбесінің 27-тармағының;
Кеден одағы Комиссиясының "2010 жылғы 18 маусымдағы № 331 шешімімен бекітілген Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден шартты түрде толық босатыла отырып уақытша әкелінетін тауарлар тізбесіне толықтырулар енгізу және Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 375 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2011 жылғы 19 мамырдағы № 662 шешімінің 1-тармағының және 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларының;
Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 375 шешіміне және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 14 қарашадағы № 147 шешіміне қосымша) енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы "м)" тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения М. Григорян |
Беларусь И. Петришенко |
Қазақстан Ә. Смайылов |
Қырғыз Ж. Разаков |
Ресей А. Силуанов |
