Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 201-бабының 13-тармағына және 211-бабының 12-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 118 және 124-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Шетелдік тауар болып табылатын ақ қант (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 1701 99 коды) еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастыруға жатпайды және оған қатысты бос қойма кедендік рәсімі қолданылмайды деп белгіленсін.
2. Осы Шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |