Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 253-бабының 3-тармағына, 254-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 6) және 62) тармақшаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 29 наурыздағы "Оларға қатысты арнайы кедендік рәсім қолданылатын тауарлар санаттары, осындай тауарлар санаттарын арнайы кедендік рәсімге орналастыру шарттары және оны қолдану тәртібі туралы" № 23 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылы 29 наурыздағы № 23 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 23 шешіміне енгізілетін өзгерістер
1. 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Арнайы кедендік рәсім мыналарға:
а) Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына әкелінетін (әкелінген) және WorldSkills ("Ворлдскиллс") кәсіби шеберлік бойынша ресми халықаралық жарыстар іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге ғана арналған шетелдік тауарларға қатысты;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына әкелінетін (әкелінген) және Жаңа уақыттың Халықаралық Ганзей күндерін өткізу аясында ресми халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге ғана арналған шетелдік тауарларға қатысты қолданылады деп белгіленсін.
2. Ұсынылып отырған:
а) Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына әкелінетін (әкелінген) және WorldSkills ("Ворлдскиллс") кәсіби шеберлік бойынша ресми халықаралық жарыстар іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге ғана арналған шетелдік тауарларды арнайы кедендік рәсімге орналастыру шарты және осындай тауарларға қатысты оны қолдану тәртібі № 1 қосымшаға сәйкес;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына әкелінетін (әкелінген) және Жаңа уақыттың Халықаралық Ганзей күндерін өткізу аясында ресми халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге ғана арналған шетелдік тауарларды арнайы кедендік рәсімге орналастыру шарттары және осындай тауарларға қатысты оны қолдану тәртібі № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына әкелінетін (әкелінген) және WorldSkills ("Ворлдскиллс") кәсіби шеберлік бойынша ресми халықаралық жарыстар іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге ғана арналған шетелдік тауарларды арнайы кедендік рәсімге орналастыру шарттарында және осындай тауарларға қатысты оны қолдану тәртібінде:
а) бекіту грифі мынадай мазмұндағы нөмірлік тақырыппен ауыстырылсын:
| "Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылы 29 наурыздағы № 23 шешіміне № 1 ҚОСЫМША"; |
б) 4-тармақтың "б)" тармақшасында:
"шектеулер," деген сөз "шектеулер" деген сөзбен ауыстырылсын;
"шараларды" деген сөз "шаралардың сақталуын растайтын құжаттар мен мәліметтерді беруді" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) 8-тармақтың төртінші абзацындағы сөз мемлекеттік тілде өзгермейді;
г) 12-тармақтағы сөз мемлекеттік тілде өзгермейді;
д) 13-тармақтағы "атрибуттарды" деген сөз "атрибуттарды, " деген сөзбен ауыстырылсын;
е) 17-тармақтың "б)" тармақшасында:
"және (немесе) пайдаланған" деген сөздер алып тасталсын;
"тұлғаға (тұлғаларға) берген" деген сөздерден кейін "және (немесе) осы тауарларды пайдаланған" деген сөздермен толықтырылсын;
мемлекеттік тілдегі сөз өзгермейді;
ж) 18-тармақтың төртінші абзацындағы сөз мемлекеттік тілде өзгермейді.
3. Мынадай мазмұндағы № 2 қосымшамен толықтырылсын:
| "Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылы 29 наурыздағы № 23 шешіміне № 2 ҚОСЫМША" |
Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына әкелінетін (әкелінген) және Жаңа уақыттың Халықаралық Ганзей күндерін өткізу аясында ресми халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге ғана арналған шетелдік тауарларды арнайы кедендік рәсімге орналастыру шарттары және осындай тауарларға қатысты оны қолдану тәртібі
1. Осы құжат Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) аумағына әкелінетін (әкелінген) және тек қана Жаңа уақыттың Халықаралық Ганзей күндерін өткізу аясында ресми халықаралық іс-шараларды (іс-шараның өзін және оны ұйымдастырумен, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен, ашумен, жабумен және олардың ұйымдастырушылары ұйымдастырған немесе мақұлдаған іс-шаралар қорытындысын жасаумен байланысты ілеспе іс-шараларды қоса алғанда) ұйымдастыруға және өткізуге арналған шетелдік тауарларды арнайы кедендік рәсімге орналастыру шарттарын айқындайды және осындай тауарларға қатысты арнайы кедендік рәсімнің қолданылу тәртібін (бұдан әрі тиісінше – тауарлар, іс-шаралар) белгілейді.
2. Арнайы кедендік рәсім мына тауарларға:
а) аумағында іс-шаралар өтіп жатқан Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) заңнамасына сәйкес акциздер (акциздік салық немесе акциздік алым) салынатын тауарларға;
б) Одақтың және (немесе) іс-шаралар өтіп жатқан мүше мемлекеттің кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарларға;
в) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 2 қосымшада көзделген тізбеге сәйкес, осы тізбенің келесі бөлімдеріне енгізілген:
2.16. (радиоэлектрондық құралдар және (немесе) азаматтық бағыттағы жиілігі жоғары құрылғыларды, соның ішінде басқа тауарларға кіріктіріліп жасалған немесе олардың құрамына кіретін құрылғыларды);
2.19. (шифрлаушы (криптографикалық) құралдарды қоспағанда, Одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат тәртібі белгіленген тауарларға қатысты қолданылмайды.
3. Арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар өзінің шетелдік тауар мәртебесін сақтайды.
4. Мыналар:
аумағында іс-шаралар өтіп жатқан мүше мемлекеттің кеден органына (бұдан әрі – кеден органы) осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу құзырына жататын уәкілетті мемлекеттік органның іс-шаралардың атауы мен өткізілетін орнын, тауарлардың орынды жұмсалуын, іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге арналған тауарлардың атауын және санын көрсете отырып, жазбаша растауды, тауарларды өткізуші тұлға туралы мәліметті, тауарлардың декларанттары туралы мәліметті, сондай-ақ тауарларды кедендік декларациялау кезінде оларды сәйкестендіруге қажетті мәліметтерді ұсыну;
б) тарифтік емес реттеу және техникалық реттеу шараларының сақталуын растайтын құжаттар мен мәліметтерді беруді қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кеден кодексі) 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау тауарларды арнайы кедендік рәсімге орналастырудың шарттары болып табылады.
5. Арнайы кедендік рәсімге сәйкес тауарларға декларация бергенге дейін тауарларды шығаруға өтінім жасауға рұқсат етілмейді.
6. Мыналар:
а) кеден органы осы құжаттың 7-тармағына сәйкес белгілеген арнайы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімін сақтау;
б) осы құжаттың 8-тармағында белгіленген арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларға иелік ету және пайдалану бойынша шектеулерді сақтау тауарларды арнайы кедендік рәсімге сәйкес пайдаланудың шарттары болып табылады.
7. Тауарларды арнайы кедендік рәсімге орналастырған кезде кеден органы декларант мәлімдеген мерзімнің негізінде тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелудің мақсаттары мен мән-жайларына сүйене отырып, осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімін белгілейді, ол іс-шаралар аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспауға тиіс.
8. Кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды осы тармақтың екінші абзацына сәйкес пайдалану (иелік ету), осы тармақтың үшінші абзацына сәйкес өзге тұлғалардың иелігіне және пайдалануына беруге немесе осы тармақтың бесінші абзацына сәйкес өткізуге рұқсат берілетін жағдайларды қоспағанда, олар декларанттың нақты иелегінде және пайдалануында болуға тиіс.
Тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар немесе олардың өкілдері аумағында іс-шаралар өтіп жатқан мүше мемлекетте арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлармен осындай тауарларды сақтаумен, олардың сақталуын қамтамасыз етумен, іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мақсаттарында пайдалануға дайындаумен байланысты қарапайым операцияларды жасауға сондай-ақ мұндай тауарларды іс-шараларды ұймыдастыру және өткізу кезінде пайдалануға, соның ішінде осындай пайдалану процесінде толықтай немесе ішінара жұмсауға немесе іс-шараларға қатысушыларға марапаттау атрибуттары ретінде беруге құқылы.
Арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлардың декларанттарына осындай тауарларды оларға техникалық қызмет көрсету, оларды сақтау, тасымалдау (тасу), сондай-ақ көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе егер осындай тауарлар өзінің тұтынушылық қасиеттерін жойған болса және олар одан әрі пайдалануға жарамсыз деп танылса, оларды жою мақсатында басқа тұлғаларға беруіне рұқсат етіледі.
Осы тармақтың бесінші абзацында көрсетілген жағдайды қоспағанда, арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды өткізуді не өзге тәсілмен оқшаулауды, осындай тауарларды жалға беруді және оларды пайдалана отырып, ақылы қызмет көрсетуді қоса алғанда, осы тауарларды қайсыбір коммерциялық қызмет үшін пайдалануға, сондай-ақ осы тауарларды өзге мүше мемлекеттің аумағына әкетуге рұқсат етілмейді.
"Шеберлер қаласы" халықаралық қол өнері жәрмеңкесін өткізу мақсатында Одақтың аумағына әкелінген қол өнері бұйымдары болып табылатын және (немесе) көрсетілген жәрмеңке барысында осындай бұйымдардан жасалған тауарларды іс-шараларды өткізу құзырына жататын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның осындай жәрмеңкеге қатысушыға еркін нысанда берген жазбаша рұқсаты болған кезде сатуға рұқсат етіледі. Рұқсат қағазда мыналар:
тауарлардың мынадай санаттарға: "дайын ұйымдар", "таратуға арналған тауарлар", "тауарларды сол жерде дайындуға арналған шикізат", "тамақ өнімдері" тиесілігі;
тауарлардың атауы, Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес олардың коды, коммерциялық құжаттарға сәйкес саны мен құны;
осындай рұқсат қағазды берудің мақсаты жазылуға тиіс.
Арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды өзге тұлғалардың иелігіне және пайдалануына беру, сондай-ақ осындай тауарларды жоғалтып алу осы тауарлардың декларантын осы тармақта белгіленген арнайы кедендік рәсімге сәйкес тауарларды өзгедей пайдалану жағдайларын сақтаудан, арнайы кедендік рәсімнің қолданысын аяқтаудан босатпайды, сондай-ақ осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімін тоқтата тұрмайды және ұзартпайды.
9. Кеден органы осы құжаттың 7-тармағына сәйкес белгілеген арнайы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін осы кедендік рәсімнің қолданысы:
а) арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімге осы құжаттың 11-тармағы ескеріле отырып, Кодекс көздеген тәртіпте және жағдайларда орналастыру арқылы аяқталады. Бұл ретте мұндай тауарлар бір немесе бірнеше топтамамен кедендік рәсімге орналастырылуы мүмкін;
б) арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды, егер мұндай тауарларды Одақтың кедендік аумағынан алып кететін орын іс-шаралар өткізілетін мүше мемлекеттің аумағында болса, - әкету арқылы;
в) аумағында іс-шаралар өтіп жатқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлардың авариялардың немесе еңсерілмейтін күштің салдарынан жойылып кету және (немесе) қайтарымсыз жоғалып кетуі фактісін не осы тауарларды қалыпты тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кемуі фактісін кеден органының тануы;
г) аумағында іс-шаралар өтіп жатқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлардың іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде пайдалану процесінде олардың жұмсалу (тұтыну) фактісін немесе іс-шараларға қатысушыларға осы құжаттың 8-тармағына сәйкес марапаттау атрибуттары ретінде беру фактісін кеден органының тануы;
д) аумағында іс-шаралар өтіп жатқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлардың осы құжаттың 8-тармағының бесінші абзацына сәйкес сатылу фактісін кеден органының тануы;
е) аумағында іс-шаралар өтіп жатқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өзінің тұтынушылық қасиеттерін жойған және оларды өз мақсатында одан әрі пайдалануға жарамсыз деп танылған арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлардың көмілгенін, залалсыздандырылғанын, кәдеге жаратылғанын немесе осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өзге де тәсілмен жойылғанын кеден органының тануы арқылы аяқталады.
10. Кеден органы осы құжаттың 7-тармағына сәйкес белгілеген арнайы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі аяқталысымен осы кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатылады.
11. Тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру арқылы кедендік рәсімнің қолданысы аяқталған жағдайда:
а) кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждардың ставкалары, осындай тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың заттай түріндегі нақты сипаты (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаты) ішкі тұтыну үшін шығаруды кедендік рәсімге орналастыру үшін берілген тауарларға декларацияны кеден органы тіркеген күні айқындалады;
б) мұндай тауарларға осындай тауарлардың тіркелген күнгі жағдайы ескеріле отырып, ішкі тұтыну үшін шығарылатын тауарларды кедендік рәсімге орналастыру үшін берілген тауарларға декларация тіркелген күнгі қолданылатын тыйым салулар мен шектеулер қолданылады.
12. Осы тармақтың 9-тармағының "б)" - "е)" тармақшаларына сәйкес арнайы кедендік рәсімі қолданысының аяқталуына байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі, сондай-ақ осы тармақтың 9-тармағының "б)" - "е)" тармақшаларына сәйкес арнайы кедендік рәсімі қолданысын аяқтау үшін негіз бар екенін растайтын құжаттардың тізбесі аумағында іс-шаралар өткізіліп жатқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленеді.
13. Кедендік рәсімге орналастырылған, іс-шараларға қатысушыларға марапаттау атрибуттары ретінде табыс етілген немесе осы құжаттың 8-тармағына сәйкес сатылған тауарлар Одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады және кеден органы олардың табыс етілген фактілерін немесе сатылған фактілерін таныған күннен бастап кедендік бақылауда емес деп есептеледі.
14. Кедендік рәсімге орналастырылған, өзінің тұтыншылық қасиеттерін жойған және оларды өз мақсатында одан әрі пайдалануға жарамсыз деп танылған тауарлар көмілгенін, залалсыздандырылғанын, кәдеге жаратылғанын немесе аумағында іс-шаралар өтіп жатқан осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өзге де тәсілмен жойылуын кедендік орган таныған күннен бастап олар кедендік бақылауда емес деп есептеледі.
15. Кедендік рәсімге (орналастырылатын) орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждарды төлеу бойынша міндет декларантта кеден органы тауарларға декларацияны тіркеген күннен бастап туындайды, оған сәйкес тауарлар арнайы кедендік рәсімге орналастырылады.
16. Кедендік рәсімге (орналастырылатын) орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждарды төлеу бойынша декларанттың міндеті мына мән-жайлардың бірі басталған кезде тоқтатылады:
а) тауарларға декларацияы тіркеген кезде туындайтын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждарды төлеу бойынша міндетке қатысты – арнайы кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығарудан бас тарту;
б) тауарларға декларацияны тіркеген кезде туындайтын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждарды төлеу бойынша міндетке қатысты – Кодекстің 113-бабының 1-тармағына сәйкес тауарларға декларацияны қайтарып алу және (немесе) Кодекстің 118-бабының 4-тармағының екінші абзацына сәйкес тауарлар шығарудың күшін жою;
в) осы құжаттың 7-тармағына сәйкес кеден органы белгілеген арнайы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, соның ішінде осы құжаттың 17-тармағының "а)" - "в)" тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін осы құжаттың 9-тармағына сәйкес арнайы кедендік рәсімнің қолданысының аяқталуы;
г) оларға қатысты арнайы кедендік рәсімның қолданысы тоқтатылған тауарларды Кодекстің 129-бабының 6-тармағына сәйкес уақытша сақтауға орналастыру;
д) оларға қатысты арнайы кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатылған тауарларды Кодекстің 129-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімге орналастыру;
е) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждарды төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) оларды осы құжаттың 18-тармағына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу;
ж) аумағында іс-шаралар өтіп жатқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлардың осы тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждарды төлеу мерзімі басталған кезді қоспағанда, авариялардың немесе еңсерілмейтін күштің салдарынан жойылып кету және (немесе) қайтарымсыз жоғалып кетуі фактісін не осы тауарларды қалыпты тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде олардың табиғи кемуі фактісін кеден органының тануы;
з) арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды тәркілеу немесе аумағында іс-шаралар өтіп жатқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сол мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) беру;
и) кеден органының арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды Кодекстің 51-бабына сәйкес ұстап қалуы.
17. Мына жағдайлар басталған кезде:
а) арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды арнайы кедендік рәсімнің қолданысы аяқталғанға дейін осы құжаттың 1-тармағында көрсетілген мақсаттардан басқа мақсаттарға пайдалану – осындай пайдаланудың бірінші күні, ал егер бұл күн белгіленбеген болса- тауарларды арнайы кедендік рәсімге орналастырған күн;
б) арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды осындай кедендік рәсімнің қолданысы аяқталғанға дейін басқа тұлғаға (тұлғаларға) берген және (немесе) осы тауарларды осы құжаттың 8-тармағының талаптарын бұза отырып пайдаланған жағдайда - осындай тауарларды берген немесе пайдаланған күн, ал егер бұл күн белгіленбеген болса, - тауарларды арнайы кедендік рәсімге орналастырған күн;
в) авариялардың немесе еңсерілмейтін күштің салдарынан жойылып кетуді және (немесе) қайтарымсыз жоғалып кетуді не осы тауарлардың қалыпты тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кеміп кетуін қоспағанда, арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар жойылып кеткен жағдайда – тауарлардың осындай жойылып кеткен күні, ал егер бұл күн белгіленбеген болса, - тауарларды арнайы кедендік рәсімге орналастырған күн;
г) осы құжаттың 9-тармағына сәйкес арнайы кедендік рәсімнің қолданысы аяқталмаған кезде – кеден органы осы құжаттың 7-тармағына сәйкес белгілеген арнайы кедендік рәсімнің қолданысы аяқталған күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждарды төлеу мерзімі басталған күн деп есептеледі.
18. Осы құжаттың 17-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждар, егер арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша преференциялар және жеңілдіктер қолданылмастан ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне орналастырылған болса ,төленуге жатады.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждарды есептеу үшін тауарларды арнайы кедендік рәсімге орналастыру үшін берілген тауарларға декларацияны кеден органы тіркеген күнгі қолданылып жүрген кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждардың ставкалары қолданылады.
Егер кеден органының қолында тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қажетті нақты мәліметтер болмаса, тауарлардың кедендік құны кеден органының қолында бар мәліметтердің негізінде айқындалады.
Тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін қажетті нақты мәліметтер белгіленген кезде тауарлардың кедендік құны осы нақты мәліметтерге орай айқындалады және кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждардың артық төленген сомаларын қайтарып алу немесе Кодекстің 10 және 11-тарауларына және 76 және 77-баптарына сәйкес төленбей қалған сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.
19. Осы құжаттың 10-тармағына сәйкес арнайы кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатылған не арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды Кодекстің 129-бабының 6-тармағына сәйкес уақытша орналастырған не мұндай тауарларды Кодекстің 129-бабының 7-тармағына сәйкес шетелдік тауарларға қолдануға болатын кедендік рәсімге орналастырған, не мұндай тауарларды кеден органдары Кодекстің 51-тарауына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждарды төлеу бойынша міндеттерді орындағаннан кейін және (немесе) оларды өндіріп (толықтай немесе ішінара) алғаннан кейін, осы құжатқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждар Кодекстің 10-тарауына және 76-бабына сәйкес қайтарылуға (есепке жатқызылуға) тиіс.
20. Арнайы кедендік рәсімнің қолданысын тоқтата тұру және қайта бастау мәселелерін қоса алғанда, арнайы кедендік рәсімді қолданудың өзге мәселелері Кодекстің 19-тарауына сәйкес реттеледі.
21. Одақтың кедендік аумағында және Одақтың кедендік шекарасында тауарларға қатысты мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (бақылау), ветеринариялық және карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) Одақтың құқығына кіретін актілерге, сондай-ақ аумағында іс-шаралар өтіп жатқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.