2015 жылғы 16 қазанда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 4-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер "Басқарудың автоматтандырылған бірыңғай жүйесі" (БАБЖ) Қазақстан Республикасының ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қатысты қадағалап отыру жүйесін мақұлдайды.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
| М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | Ж. Разаков | А. Силуанов |
|---|