Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Бір корпуста орналастырылған бірнеше жарық диодтары, кіріктірілген аккумулятордан, айнымалы токты түзету және кернеуді жарық диодта пайдалануға жарамды деңгейге дейін түрлендіруге арналған баспа платасынан тұратын, жұмыс режимдерін ауыстырып қосқышпен жарақталған, сондай-ақ қашықтықтан басқару пульті бар бұрандалы цокольді жарық диодты шам сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8539 50 000 0 қосалқы позициясында (аккумуляторы және басқару пульті бар жарық диодты шамдар бейнелерінің мысалдары қосымшада келтірілген) сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 167 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Аккумуляторы және басқару пульті бар жарық диодты шамдар бейнелерінің




