2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі №54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) №1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан қосалқы позиция алып тасталсын:
б) №2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына позициялар қосылсын;
в) №3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін;
г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 47С ескертпесімен толықтырылсын:
"47С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 20 қарашадағы №189 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.12.2021 дейінгі аралықта қолданылады.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 20 қарашадағы №189 шешіміне №1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қос. өлш.бірл. |
4002 11 000 0 | - - латекс |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 20 қарашадағы №189 шешіміне №2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына қосылатын ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қос. өлш.бірл. |
4002 11 000 | - - - латекс: | |
4002 11 000 1 | - - - кілемдер өндірісіне арналған5) | |
4002 11 000 9 | --- өзгесі |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 20 қарашадағы №189 шешіміне |
|
| №3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен не еуромен, не АҚШ долларымен) |
4002 11 000 1 | - - - кілемдер өндірісіне арналған5) | 547С |
4002 11 000 9 | --- өзгесі | 5 |
