Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 7-тармағына, 43-тармағының 2-тармақшасына және 44-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 2 желтоқсандағы № 283 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына уәкілетті өкілдері енгізілетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдары тізбесінің IV бөлімінің 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және мелиорация министрлігі.
3. Қырғыз Республикасының Көлік және жолдар министрлігі.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
К. Минасян |
