Казталов ауданы әкiмiнiң "Казталов ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің 2026 жылғы 26 маусымдағы № 6 шешімі

      Казталов ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Казталов ауданы әкімінің "Казталов ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3192 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      реттік нөмірі 5-жол жаңа редакцияда жазылсын:

5

№ 223

Қоныс ауылы, Ерікті қала, Қапай, Қайырбай, Аққашар ауылшаруашылығы мекендері.

Қоныс ауылы, Бейбітшілік көшесі № 5/1, Казталов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "С. Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты Қоныс ауылдық клубы

      реттік нөмірі 18-жол жаңа редакцияда жазылсын:

18

№ 236

Көпкүтір ауылы, Дүков, Щебаково, Тереңқұдық ауылшаруашылығы мекендері.

Көпкүтір ауылы, Тәуелсіздік көшесі № 20. Казталов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "С. Садықов атындағы Қазталов аудандық демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жанындағы Көпкүтір ауылдық клубы.

      реттік нөмірі 20-жол жаңа редакцияда жазылсын:

20

№ 238

Қайыңды ауылы, Жалғызшығыр, Далабай, Насиболла, Қисмет, Жаңақұдық, Тоғызқарағай, Ақсүйрік, Ащысай, Тереңқұдық, Егіндіой, Сұпыш, Жүністібек, Кенжеғали, Сайқұдық ауылшаруашылығы мекендері.

Қайыңды ауылы, Досмағанбетов көшесі № 33, Казталов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "С. Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты Қайыңды ауылдық мәдениет үйі

      реттік нөмірі 28-жол жаңа редакцияда жазылсын:

28

№ 246

Сарықұдық ауылы, Оразбай, Байбоз-1 ауылшаруашылығы мекендері.

Сарықұдық ауылы, Достық көшесі № 1, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданының білім беру бөлімінің "Сарықұдық негізгі жалпы білім беретің мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      реттік нөмірі 40-жол жаңа редакцияда жазылсын:

40

№ 258

Казталов ауылындағы Пангерей Сейфуллин, Ғазиз Лұқманов, Чапаев, М.Жұмабаев, Желтоқсан, Наурыз, С.Датұлы, Қайырғазы Имашев көшелері, Сексенбаев ауылы, Бек, Сайқұдық, Майтан, Шоқақ, Мышым, Қарасу, Алтыбаз, Нұғман ауылшаруашылығы мекендері.
Бозоба ауылы, Шолақсай, Бозой, Төлеш, Малюкин, Сүндетшеген, Нөкен, Қайран, Жұмағұл, Қуандық, Өтей, Қуан, Долдаш, Байтұрған ауылшаруашылығы мекендері.

Казталов ауылы, Құрманғазы Сағырбайұлы көшесі № 3, "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Казталов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Саркулов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Казталов аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
      ______________ Ж. Темиргалиев
      "____"______________2026 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады