ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
1. Бөрлі ауданы әкімінің "Бөрлі ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2014 жылғы 17 наурыздағы № 9 "Бөрлі ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3506 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
№ 79 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 79 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Кеңтүбек ауылы, Тәуелсіздік көшесі, № 65, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекарасы: Кеңтүбек ауылы, Шампа, Бақтыарал қыстақтары.";
"№ 80 сайлау учаскесі
"Орналасқан жері: Ақсай қаласы, 5 шағынауданы, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің "Ақсай қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Ақсай қаласы, 5 шағынауданының № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9, № 10, № 11, № 12, № 13, № 14, № 16, № 17, № 18, № 19 тұрғын үйлері, 9 шағынауданының жеке тұрғын үйлері.";
"№ 81 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақсай қаласы, 10 шағынауданы, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің "Ақсай қаласының № 6 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Ақсай қаласы, 10 шағынауданының № 2, № 3, № 4, №5, № 6, № 7, №8 № 9, № 10, № 11, № 12, № 13, №14, № 15, № 16, № 16/1, №21, № 22, № 22/1, № 27, № 29 тұрғын үйлері.";
"№ 82 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақсай қаласы, Вахта қалашығы 1, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бөрлі аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараты.
Шекарасы: Ақсай қаласы, Құрылыс, Амангелді, Бейбітшілік, Оңтүстік, Бекзат Саттарханов, Жаңа, Орал, Қарашығанақ, Ақсу, Болашақ көшелері; Абай көшесіндегі тұрғын үйлер, "Астана Құм-2005" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің вахталық қалашығындағы тұрғын ғимарат; Чехия, Венгрия, Париж атындағы вахталық қалашықтардың тұрғын ғимараттары; Ақбұлақ тұрғын үйлері, Вахта қалашығы, Абай даңғылы бойындағы № 44/2, № 29/1А, № 27А, № 86, № 88, № 39, № 84/1, № 49, № 44/2, № 29, № 76, № 25/1, № 44/4, № 4/4, № 82, № 84, № 88/1 тұрғын үйлер.";
"№ 87 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақсай қаласы, Железнодорожная көшесі 166, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Бөрлі аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараты.
Шекарасы: Ақсай қаласы, Қайыр Шакенов көшесінің № 1-14 (тақ жағы) үйлері, Элеваторная көшесінің № 1 - 14 үйлері, Жібек жолы көшесінің № 35 - 53 (тақ жағы), № 56 - 102 (жұп жағы) үйлері, Әл-Фараби көшесінің № 103 - 205 (тақ жағы), № 74 - 146 (жұп жағы) үйлері, Железнодорожная көшесінің № 39 - 119 (тақ жағы), № 92 - 116 (жұп жағы) үйлері, Жұбан Молдағалиев көшесінің № 1 - 67 (тақ жағы), № 2 - 60 (жұп жағы) үйлері, Қайыр Шакенов көшесінің № 1 - 9 үйлері, Хиуаз Доспанова көшесінің № 47 - 121 (тақ жағы), № 46 - 124 (жұп жағы) үйлері, Бурлинская көшесінің № 3(3), 3/15 а, 4, 6, 8/1, 8/2, 79, 83 үйлері, Шыңғырлау көшесінің № 39 - 129 (тақ жағы), № 44 - 128 (жұп жағы) үйлері, Чапаев көшесінің № 9 - 81(тақ жағы), № 42 - 114 (жұп жағы) үйлері, Цвилинг көшесінің № 99 - 165 (тақ жағы), № 92 - 156 (жұп жағы) үйлері, М. Мәметова көшесінің № 1 - 67 (тақ жағы), № 2 - 64 (жұп жағы) үйлері, Тихоненко көшесінің № 85 - 175 (тақ жағы), № 74 - 148 (жұп жағы) үйлері, Бурлинская көшесінің № 1 - 13 (тақ жағы) үйлері, 1-шағынаудандағы тұрғын үйлер; Мұхтар Әуезов көшесіндегі тұрғын үйлер — Қайыр Шакенов көшесінен бастап Абай даңғылына дейінгі аралықты, Абай даңғылы бойындағы тұрғын үйлер — Достық халықтар көшесінен бастап Жібек жолы көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.";
"№ 91 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қызылтал шағынауданы, Строительная-3 көшесі, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Ақсай" мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешені" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының ғимараты.
Шекарасы: Қызылтал шағынауданының Аксай, Ақсуат, Аққұм, Ақбұлақ, Ақжайық, Бейбітшілік, Бота, Бақтыбаева, Жеңіс, Желтоқсан, Жаңа, Сайқұдық, Сырым, Самал, Школьная, Наурыз, Тереңсай, Шалқар, Шыңғырлау, Қызылтал, Әбілхайыр хан, Құрылысшы, Керемет, Кенесары хан, Абдолла Жұмағалиев, Амангелді, Өркен, Строительная 1, Строительная 2, Строительная 3 көшелеріндегі тұрғын үйлер; Ақселен көшесіндегі үйлер — Құрылысшы көшесінен бастап Бейбарыс Сұлтан көшесіне дейінгі аралықты қамтиды; Бейбарыс Сұлтан көшесінің тақ және жұп жақтарындағы №1-ден №23-ке дейінгі және №2-ден №38-ге дейінгі үйлер; Ақжайық көшесінің тақ жағындағы №1 үйден бастап Солтүстік көшесіне дейінгі тұрғын үйлер.";
"№ 92 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақсай қаласы, Халықтар Достығы көшесі, 6Б, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Ақсай" мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешені" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының ғимараты.
Шекарасы: 10 шағынауданының № 15/1, № 17/1 № 18, № 19, № 20, № 23, № 24, № 25, № 26 № 27А, № 28 тұрғын үйлер; Қарашығанақ -1 шағынаудандағы тұрғын үйлері.";
"№ 109 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақсай қаласы, 13 шағынаудан, 59А ғимараты, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің "Ақсай қаласының № 9 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: 11, 12, 13 - шағынаудандарының жеке тұрғын үйлері; Строительная 4 көшесіндегі үйлер; Солтүстік көшесіндегі үйлер; Ақселен көшесіндегі тұрғын үйлер — Бейбарыс Сұлтан көшесінен бастап 13-шағынауданға дейінгі аралықты қамтиды; Бейбарыс Сұлтан көшесінің жұп және тақ жақтарындағы № 40 және № 25/1 үйлерден бастап Строительная 4 көшесіне дейінгі үйлер; Ақжайық көшесінің жұп және тақ жақтарындағы № 2 және № 25 үйлерден бастап Строительная 4 көшесіне дейінгі тұрғын үйлер.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Бөрлі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ" Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
| Аудан әкімі | Е. Ихсанов |
