Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 12 қазандағы № 14-6 "Батыс Қазақстан облысы бойынша жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 24-8 шешімі

      Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 12 қазандағы № 14-6 "Батыс Қазақстан облысы бойынша жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың қағидаларында:

      1-тараудың 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасы Заңынның 8-бабының 2) тармақшасына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 162 "Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28125 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және Батыс Қазақстан облысы бойынша жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың (иттер мен мысықтарды) тәртібін белгілейді.";

      жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың қағидаларына қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы М. Мұқаев

  Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2026 жылғы
6 сәуірдегі № 24-8 шешіміне
қосымша
  Жануарларды аулаудың,
уақытша ұстаудың және
жансыздандырудың
қағидаларына қосымша
  Нысан

Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандыру қызметі қызметкерінің куәлігі

      Қағазда жасалған және қорғаныс пленкасына салынған куәліктің мөлшері 54х85 миллиметр болады.

Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандыру қызметі қызметкерінің куәлігі (1)

Ұйым атауы (2)

№________ (3)

QR-код (4)

Фотосурет (5)

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (6)

Берілген күні: __________ жыл (7)

Әрекет ету мерзімі __________ жылға дейін (8)

Осы құжаттың түпнұсқалығын деректер базасы арқылы тексере аласыз (9)

      1-жол - "Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандыру қызметі қызметкерінің куәлігі" құжатының атауы көрсетіледі;

      2-жол - жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандыру қызметінің қызметкері жұмыс істейтін ұйымның атауы көрсетіледі;

      3-жол - деректер базасында жинақталатын және қалыптастырылатын куәліктің бірегей сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      4-жол - мөлшері 30х30 сантиметр деректер базасында автоматты түрде туындалатын QR-код түріндегі куәліктің бірегей сәйкестендіру нөміріне арналған орын;

      5-жол - жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандыру қызметі қызметкерінің өлшемі 3х4 сантиметр фотосуретіне арналған орын;

      6-жол - жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандыру қызметі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі;

      7-жол - күні, айы, жылы форматы бойынша куәліктің берілген күні көрсетіледі;

      8-жол - күні, айы, жылы форматы бойынша куәліктің қолданылу мерзімі көрсетіледі;

      9-жол - "Осы құжаттың түпнұсқалығын деректер базасы арқылы тексере аласыз" деген жазу көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады