Батыс Қазақстан облысының жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 99 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің міндетін атқарушы Т. Каюпов

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2026 жылғы
" " __________ № ___
қаулысымен бекітілген

Батыс Қазақстан облысының жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері

Автомобиль жолдарының индекстері

Автомобиль жолдарының атаулары

1

КL-1

Федоровка - Ақсай, 0 - 83,4 км

2

КL-2

Ақсай - Шыңғырлау, 0 - 84,2км

3

КL-3

Приуральный - Ақсай, 0 - 34,4 км

4

КL-4

Бөрлі - Ақсай-Жымпиты, 0 - 159,4 км

5

КL-5

Жымпиты - Қаратөбе, 0 - 103 км

6

КL-6

Барбастау – Ақжайық - Индербор, 0 - 311,1 км

7

КL-7

Чапаев – Жаңақала - Сайқын, 0 - 338,3 км

8

КL-8

Тасқала – Аққурай – Болашақ - РФ шекарасы, 0 - 153,5 км

9

КL-9

Үлкен Шаған - Переметное, 0 - 42 км

10

КL-10

Орал - Кирсанов, 1 - 80,3 км

11

КL-11

М 32-Аңқаты - Сарыөмір, 0 - 63,9 км

12

КL-12

РФ шекарасы – Жалпақтал – Жұлдыз - Қарасу, 0 - 162,9 км

13

КL-13

Әуежайға кірмежол, 0 - 1,6 км

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      км – километр;

      РФ – Ресей Федерациясы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады