Батыс Қазақстан облысында халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 59 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысында халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Төреғалиев

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2026 жылғы
13 наурыздағы № 59
қаулысымен бекітілген

Батыс Қазақстан облысында халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері

№ р/с

Аудан

1 мың адамға шаршы метр

1

Орал қаласы

262,3

2

Ақжайық

24

3

Бөкей ордасы

9,7

4

Бөрлі

40,3

5

Жаңақала

14,9

6

Жәнібек

9,6

7

Бәйтерек

44,3

8

Казталов

18,2

9

Қаратөбе

9

10

Сырым

11,6

11

Тасқала

11

12

Теректі

27

13

Шыңғырлау

8,7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады